Байтасовтың байтақ әлемі...

19.02.2018
Қаралды: 510

Таяуда Шымкент қаласындағы 120 жылдық тарихы бар Пушкин атындағы кітапханада ерекше іс-шара болып өтті. Мұнда есімі бүкіл қазақ жұртына белгілі қаламгер, Орта Азия республикалары арасында тұңғыш болып «Жібек жолы» атты тәуелсіз журнал ашқан журналист, осы аттас баспадан 500-дей кітап шығарған баспагер, жерлесіміз Төрекелді Байтасовқа арналған арнайы бұрыш ашылды. Ол «Байтасовтың байтақ әлемі» деп аталды.

 


Кітапхана ұжымының ұйытқы бо­луымен ашылған бұл бұрышта аз ғана ғұмырында өте үлкен іс тындырған абзал азаматтың өмірі мен еңбегі жайында сыр шертетін деректер мен сан түрлі материалдар топтастырылған.

 

«Байтасовтың байтақ әлемі» атты арнайы бұрыштың ашылу рәсіміне зиялы қауым өкілдері мен қаламгерлер, Төрекелдінің отбасы мүше­лері қатысты. Бұл іс-шара терең тебіреніске толы болды, онда көптеген өнегелі әңгімелер мен естеліктер айтылды, жиналған көпшілікке мол әсер сыйлады.

 

Сәті түсіп, Шымкенттегі Пушкин кітапханасына барсаңыздар, Байтасовтың байтақ әлеміне енуді де ұмытпағайсыздар!

 

 

 

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

Пікір қалдыру

1000 символ