Мектепке кітаптар мен компьютер сыйға тартты

13.02.2018
Қаралды: 251

Киелі Қазығұрт  өңіріне қарасты Махамбет  ауылындағы  М.Өтемісұлы  атындағы  жалпы  орта  мектепте танымал заңгер, қоғам қайраткері Бекет Тұрғараевпен кездесу болып өтті. Ол «Рухани  жаңғыру» бағдарламасы аясында,  «Тәрбие  және білім» кіші бағдарламасының  жұмыс  жоспарына  сәйкес  ұйымдастырылды.

 

 

«Руханиятқа жанашыр  азамат»  тақырыбында  өткізілген бұл кезде­судің жас ұрпаққа берер  өнегесі  мол болды.

 

Бекет Тұрғараұлы ағамен кез­десуді  облыстық ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымының төрағасы Б.Қуандықов  мырза  ашып  берді. Кездесуге  келген қонақтарға сөз берілді. Шарапхана ауыл әкімшілігі ардагерлер кеңесінің төрағасы Р.Каленов мырза Бекет  Тұрғараұлының өмір жолы жайлы айтып өтті. Жиынға ауылдың төбе  биі  Серікбай Шалаев,  мектеп  директоры Н.Тәшімов және тағы басқа қонақтар қатысты.             

                     

Іс-шараны мектебіміздің білікті ұстазы Р.Ахметованың «Руханиятқа жанашыр азамат» тақырыбында әзір­леген слайд-көрінісі жалғастырды. Шығармашылықпен айналысатын мектеп оқушылары өз өлең  жолдарын  тарту  етті.  Әсіресе 10-сынып оқушысы Ақниет Майлиеваның өлеңі көпшіліктің көңілінен шық­ты.

 

Бекет Тұрғараұлына сөз беріл­генде ол кісі өзінің  кітапқұ­марлығын айтып өтті. «Кітап  оқысаң,  өмірдің  мән-мағынасын  түсінетін  боласың», – деді ол кісі. Сөйтіп мектепке арнайы портрет пен мектеп кітап­хана­сына 200-ге  жуық әдеби кітаптар және бір компьютерді сыйға тартты. Кітапханаға, өзінің аты берілген сынып бөлмесіне де кіріп, жақсы  әсер  алды.

 

Кездесуге келген азаматтар бұл игілікті іс-шараны ұйымдастырған мектеп ұжымына өз алғыстарын білдірді.

 

А. ДОҒАБАЕВА,

М.Өтемісұлы атындағы жалпы  орта мектептің кітапханашысы.

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

 

 

Пікір қалдыру

1000 символ