«Мейірдегі» мейірімді жандар

13.02.2018
Қаралды: 451

Біз, Оңтүстік Қазақстан облысының әр ауданынан келген ардагерлер өткен 3 – 17-қаңтар аралығында  Шымкенттің Қаратау ауданына қарайтын Қызылсу ауы­лындағы «Мейір» ардагерлер үйінде демалған едік. Осы орайда мекеме директоры Ақмарал Сұлтанға, дәрігер Мергенбайға, ұйымдастырушы Фатимаға алғысымызды білдіреміз. Ақ­марал Нұрланқызы басқаратын ме­кемедегі емдеушілер, мас­саж жасайтын дәрігерлер мен мейірбикелер нағыз өз ісінің мамандары екен.

 

 

«Ас – адамның арқауы» демекші, асхананың жұмысын да ерекше атап өткі­міз келеді. Күніне төрт мезгіл дәмді, сапалы әрі қуатты әртүрлі тағамдар беріліп тұрды.

 

Мұнда басшының рұқсатымен, демалушы ардагерлердің қолдауымен хал­қымыздың салт-дәстүрлерін жаңғырта отырып, қызықты іс-шара ұйымдастырылды. Сайрам аудандық драма театрының қызықты қойылымдарын тамашаладық. «Жұмбақ жұлдыздар шуағы» деп аталатын өнер кешінде ұстаз, ақын, сазгер, әнші Несібелі Есенбекованың әсем әндері бізді үлкен әсерге бөледі. «Ел іші – өнер кеніші» тақырыбымен ұйым­дастырылған, өнер сайысынан болғ­ан мәдени іс-шараға куә болдық. Ардагерлердің әрқайсысы өз талантымен таныла білді. Әр күні кештер, дискотекалар ұйымдастырылды. Ұйымдас­тыру мәселесінде Фатима ханымның еңбегін ерекше атауға болады.

 

Осы орайда «Мейір» ардагерлер үйі­нің қызметкерлеріне ризашылығымызды білдіре отырып, оларға Алланың нұры жаусын, денсаулықтары зор болсын, қызметте абырой биігінен көріне берсін деген тілегімізді білдіреміз.

 

Ізгі тілекпен,

Заманхан ЖҮЗЖАСАРОВ (Түркістан қаласы)Нұрлан БЕКТҰРҰЛЫ (Шымкент),

Беркімбай МҮСІРЕПҰЛЫ (Созақ ауданы), Әшіркүл НҰРАҚОВА (Түлкібас ауданы),

Жақсыбек ТӨЛЕПОВ (Арыс ауданы).

 

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

Пікір қалдыру

1000 символ