Бұл өмірде тегін нәрсе қалды ма?

13.02.2018
Қаралды: 289

Әлеуметтік желінің белсенді қолданушыларының бірі, шымкенттік Дәурен Болыс «Фейсбуктегі» өз парақшасында жұртшылыққа бағыттап мынадай сауал жолдады:

 

 

«Газға, светке, суға, жылуға, мусор­ға, домофонға, подъезд тазалығына ақы төлейсің. Жерге, мүлікке, авто­көлікке салық төлейсің. Тәртіп бұзсаң, айыппұл төлейсің. Балабақшаның ақысын төлейсің. Балаларың курсқа қатысса, соған төлейсің. Несиені төлей­сің. Азық-түлік алсаң, оған төлейсің. Киім алсаң да төлейсің. Бензин құйсаң да төлейсің. Сіріңке алсаң да төлейсің. Не қалайсың, бәріне төлейсің.

 

Қаламасаң да төлейтін жағдайлар бар. Не бар төлемейтін?»

 

Дәурен Болыстың бұл пікіріне орай «Фейсбукте» отыратын жұрт төменде­гідей пікірлерін білдірді.

 

Ғабит Мамырбеков: Ештеңе қал­ма­ды, өліп жатса да төлейсің. Сондай бол­ды бұл.

 

Мақпал Шайхистамова: Дұрыс, тө­ле­нуі қажет.

 

Алмасбек Мамытбеков: Ауаға тө­ле­мейді.

 

Қанат Байсов: Оны айта көрмеңіз. Бұл идея ешкімнің басына келмей жүр­ген болуы керек. Осы сөзіңізден кейін оған да бірдеңе ойлап табатын болса, таңқалмаңыз.

 

Нұрилда Айдарбек: Енді ойлансаң да төлейтін уақыт келеді.

 

Лейла Әнуар: Ауаға неге төле­мейді? Тауға таза ауа жұтуға шықсаң да ақша төлейсің. Телефонға.

 

Алтынай Қалдыбаева: Таза ауа ға­на тегін и все!

 

Мәриям Асанова: Өлгенде жерлей­тін жеріңе төлейсің. Тосыннан немесе ауруханада өліп, моргке түсіп қал­саң, мәйітті алып кету үшін көпшілік жұрттың тапқан айлығы жетпейтіндей ақы төлейсің. Бар байлықтың үстінде отырсақ та әрбір қадамымыз ақылы.

 

Жанна Сәпекбаева: Неге төлесек те деніміз сау, бауырларымыз аман, елімізде тыныштық болсыншы. Айтсақ та, айтпасақ та бәрібір төлейміз ғой.

 

Бархан Қамзабекұлы: Қақпандағы ет тегін.

 

Айжігіт Асанов: Қазірше ауаға төлемақы жоқ, бірақ алдағы уақытта төлеп жатсақ таңқалмассыз.

 

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

 

Пікір қалдыру

1000 символ