Облыс басқармаларында өзгеріс бар

13.02.2018
Қаралды: 280

Оңтүстік Қазақстан облысында жаңадан бір басқарма құрылды және төртеуінің осыған дейін атқарған бірқа­тар міндеттері алынып, атау­лары өзгертілді.

 

 

Облысымызда жаңадан пайда болған басқарманың атауы – Туризм және сыртқы байланыстар бас­қармасы. Оған облыстық кәсіп­керлік, индустриалды-инновациялық даму және туризм басқармасының туризм саласындағы функциялары мен өкілеттіктері берілді. Міндеті – облысымызда туризмді дамыту және тар­тылатын инвестиция көлемін арт­тыру. Бұл жаңа құрылымның бас­шысы қызметін уақытша атқару мін­деті осыған дейін «Ontustіk Tou­rіzm Center» туризм орталығын басқарып келген Олжас Шынтаевқа жүктелді.

 

Ал облыстық кәсіпкерлік, индустриалды-инновациялық даму және туризм басқармасы ендігі жерде «Оңтүстік Қазақстан облысының кәсіпкерлік, индустриалды-инно­вация­лық даму басқармасы» деп аталатын болды. Басшысы – Батырхан Құрмансейіт.

 

Облыстық тілдерді дамыту, архивтер мен құжаттама басқармасы «Оңтүстік Қазақстан облысының ақпараттандыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасы» атауын иеленді. Оған облыс әкімі аппаратының ақпараттандыру және мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы функциялары мен өкілеттіктері берілді. Бұл құрылымға басшы болып Бастар Есқараев тағайындалды.

 

Облыстық мәдениет басқармасы  «Оңтүстік Қазақстан облысының мә­дениет және тілдерді дамыту бас­қармасы» деген атау алды. Бұл ме­ке­менің басшысы міндетін уақытша атқару Асылхан Темірханға жүк­телді.

 

Сондай-ақ облыстық білім бас­қармасының қорғаншылық, қамқоршылық және балалардың құқығын қорғау саласындағы функциялары мен өкілеттіктері облыстық жастар сая­саты мәселелері жөніндегі бас­қармаға берілді. Ол енді «Оңтүстік Қазақстан облысының отбасы, бала­лар және жастар істері жөніндегі бас­қармасы» деп аталатын болды. Бас­шысы – Балмаржан Нарбекова.

 

Т. ТҰРАН.

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

 

 

Пікір қалдыру

1000 символ