Мұғалімдердің мұңына кім құлақ асады?

09.02.2018
Қаралды: 407

Өткен аптада әлеу­мет­тік желі қолданушысы Мейіржан Те­мір­бек «Фейс­букте» мынадай жазба жария­лады:

 

 

 

«Енді екі-үш жылдан соң мұғалім мамандығын таңдап оқуға түсетін талапкер қалмас сірә. Себебі мамандықтың төресін иемденген мұғалімдердің қадірі қаш­қалы қашан! Оқушы түгілі ата-аналар тарпа бас салатын  күйге түстік. (Алматы облысындағы әріп­тесіме байланысты).

 

Бүгінгі күнді өлместің күні десек, ертеңіміз не болмақ? Біз өз болашағымыздың тамырына өзіміз балта шауып жатқан жоқпыз ба? Онда неліктен «Бір мүдде – бір мақсат» үшін қызмет етіп жатырмыз. Өз жайымызды өзіміз айтпасақ өзгелер қайдан білсін?

 

Мұғалімнің қоғамдағы қадірін арттырмай жатып ешкім ешқашан жарқын болашаққа, айқын мақсат­қа, дамыған Қазақстанға қол жеткізе  алмайды. Сол үшін бәріміз біріміз үшін атсалысайық, әріп­тестерім, қалың елім!

 

Мұғалім, ол – барлық мамандық атаулының баспалдағы, мөл­дір тұнық бұлағы. Бұлақтың көзін жапқан ел – өзін өшіргенмен тең».

 

...Ұстаздарға қатысты бұл жазбалар қызу пікірталас тудырды.

 

Айман Сағидулла: Үш күннен бері ұйқы жоқ. Қағаз толтырып отырмын. Диктант тағы бар.

 

Ұлымның ұлына, қызымның қызына бір ғана өсиет сөз қалдырамын: «Айналайындар! Өмірге бір-ақ рет келесіңдер. Ақшаң жетпей, қарызға өмір сүретін, түні бойы ұйықтамай қағаз жазатын, қағазды таудай етіп үйіп қойсаң да «жұмыс жасамайды» деген баға алатын мұғалім болмаңдар».

 

Мұғалім болмаңдар! Мұғалім болмаңдар!

 

Ерғали Құлбаев: Иә, дұрыс айтасыз.

 

Safuan Utebaev: Менің ата-анам мұғалім болған кісілер. Кезінде мұғалім болмаспын деуші едім. Адамның айтқаны емес, Алланың қалауы болады екен...

 

Айгүл Қошақаева: Мен де балаларыма басқа мамандықты таңдауға кеңес бердім. Авиация мен әскери саланы таңдады. Себебі менің отырысымды көріп шошыған ғой.

 

Үміт Қорған: Иә, бұл заманда осы жаңартылған бағдарлама енгізіліп жатқанда ақылы бар адамдар мұғалім болмайтын шығар. Қазір тек 1, 2, 5, 7 сынып қа­на, соның өзінде қағазбен көмілдік. Барлық сынып жаңартыл­ған бағдарламамен оқытылса сүйегімізді жерге емес, қағазға көміп өртей салатын шығармыз. Себебі қағаздың көптігі сонша, өлмей тынбайсың. Тағы мұғалім­дер мәртебесін айтады-ау. Ал сол қағазға қалтадан кетіп жат­қан ақшада есеп жоқ қой.

 

Әлия Садықова:  30 жыл педстажбен пенсия тағайындауын сұрау керек. Осы сөздерді жеткізе алатындар болса... Жастарға да зор мүмкіндік туар еді.

 

Б. РЫСҚҰЛ.

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

 

 

Пікір қалдыру

1000 символ