Судья парамен ұсталды

08.02.2018
Қаралды: 544

Қолға түскен судьяға 500 мың теңге пара алды деген күдік келтіріліп отыр. Яғни ол пара алу үшін өзінің қарауындағы іске қатыс­ты шешім шығаруды созбалаңға салған көрінеді. Бүгінде оның үстінен сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталған.

 

 

...Естеріңізде болса, өткен жылы Түркістан қалалық сотының төрағасы парамен ұстал­ғанда ол жөнінде көпке дейін ресми түрде айтылмаған еді. Мәселенің жай-жапсары кейін, яғни биылғы қаңтар айында ол азамат 3 жыл 6 айға бас бостандығынан айыру жазасына кесілгенде ғана жария болды. (Бұл туралы біз газетіміздің өткен нөмірлерінің бірінде жариялағанбыз). Ал бұл жолы судья­ның ұсталғаны бірден белгілі болып отыр. Соған қарағанда бұл саланы тазалау да бас­талып кеткен сияқты.

 

Н. ӘБДІ.

 

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

 

 

 

Пікір қалдыру

1000 символ