Шымкенттің халқын енді орыс қыла алмайсың

07.02.2018
Қаралды: 525

«Замананың» өткен нөмі­рінде Шымкент қаласының әкімі Нұрлан Сауранбаевтың әл-Фараби ауданы әкімінің есеп беру жиынында жіберген қателігіне қатысты пікірлерді жариялаған едік. Яғни ол кі­сінің қазақша-орысша аралас­тырып сөйлеп көпшіліктің сынына ұшырағаны белгілі.

 

 

Жұртшылықтың өре түре­ге­луіне себеп болған бұл жай адамдар арасында әлі де тал­қыланып жатыр екен. Осыған орай редакциямызға шым­кенттік Ақжолбек Мүсір­әлиев қария (суретте) келді.

 

«Бұған қатысты менің де айтарым бар еді, – дейді ол кісі. – Жалпы, жаңа әкімнің онысы өрескел қателік бол­ған. Оңтүстік – нағыз қазақтың тығыз шоғырланған жері ғой. Жұртшылық қонақжай, анау-мынау нәрсеге оңайшылықпен қозғала қоймайды. Ал тіл мәселесіне келгенде әкімді осынша сынға алып жатқанына мен де қосыламын.

Басқа жақты білмедім, біз­дің жақтың халқын енді орыс қыла алмайсың. Жұрт ана ті­лін қорғайды, ұрпағының тілін, ділін жоғалтпағанын қалайды. Бұл істе басшылар бірінші болып үлгі-өнеге көрсетуі керек. Керісінше істесе, осылай тегіс жолда сүрінеді. Қала әкімі осы қатесінен сабақ алған шығар деп ойлаймын. Жалпы, бұл оқиға кім-кімге де сабақ болуы тиіс қой. Мемлекеттік тілді – ана тілімізді қорғауымыз, оның мәртебесін әрдайым кө­те­ріп жүруіміз керек».

Өз пікірін білдіру үшін редакциямызға арнайы келген Ақжолбек қария осылай дейді. Ол кісінің сөзі де қала басшысының құлағына жетеді де­ген ойдамыз.

Ақжолбек қарияның байланыс телефоны: 8-702-610-99-47.

Р. ҚАЛТАЙ.

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

 

 

Пікір қалдыру

1000 символ