«Атадәм» атауының авторы айтқанынан қайтпайды екен

07.02.2018
Қаралды: 374

Газетіміздің таяудағы нө­мір­ле­рінің бірінде шымкенттік Бекен Елубайұлының «Бес­бар­мақ» емес, «Атадәм» деп атайық» деген мақаласы жариялан­ғаны белгілі.

 

 

Ол кі­сі ұлттық тағамымызды «Ата­­дәм» деп атайық деген ұсыныс білдір­ген еді. Осы мақаланы әлеуметтік желі­лер, бірнеше ақпарат құралдары көшіріп және аударып басқан болатын. Ол көпшілік арасында қызу пікірталас тудырды, тіпті өз пікірін қатты айтып жібер­гендер де болды. Біз олардың бірқатарын газетіміздің өткен нөмірінде жариялаған едік. Осыған орай кешегі аптада редакция­мызға аталған мақала авторы Бекен Елубайұлының өзі келді. Өз ұсынысына қа­тысты жұрттың не айтқанын толық оқып шыққанын айтқан Бе­кең жариялауымызды өтініп, жазбаша түрде мынадай пікі­рін қалдырды:

 

«Атадәм» – аяулы атау, беу, ағайын!

 

Аталмыш атауды алдарыңызға тартуыма басты тағамымызға қатысты бірер жылдардан бергі ізденісім түрткі болды. Бұл атауды ұлттық мүдде­мізді көздей отырып ұсынғандағы мақсатым – ардақты асымыздың тілге жеңіл, жүрекке жылы тиер жаңа аты ар­қылы ұлттық рухымыз да көте­ріле түсе ме деген ой еді. «Ата» ұғымы арқылы оның қастерлі дәм екендігі де аңға­рылып тұруын жөн көргенмін.

 

Мен ұсынған атау алдағы уақытта кеңірек қолданысқа еніп жатса, рухани жаңғыруға қосқан тамшыдай болса да үле­сім болар еді деп есеп­теймін. Мақаламда көтерілген көкейтесті мәселеге аз да болса оң пікір білдірген оқырмандарға шын көңілден алғысымды білдіремін».

 

Шымкенттік Бекен Елубайұлы осылай дейді. Бекең өзі­нің өзгеше ұсынысынан бәрі­бір де қайтпайтынын, жұртшылықты өзін қолдауға шақыратынын тағы да білдірді.

 

Бекен Елубайұлының байланыс телефоны: 8-778-122-23-62.

Н. ӘБДІ.

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

 

 

Пікір қалдыру

1000 символ