Прокурорлар жазаға тартылды

02.02.2018
Қаралды: 333

Еліміздің Бас Прокуроры Қайрат Қожамжаровтың бұйрығымен прокуратураның бірнеше қызметкерлері жұмысынан босатылды және тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Прокуратура жұмысында жіберілген елеулі кемшіліктер Тәртіптік комиссияда талқыланып, кінәлі деп табылғандарға тиісті жазалар қолданылды. Бұл жөнінде Бас Прокуратураның баспасөз қызметі мәлімдеме таратты.

 

Тәртіптік теріс қылығы үшін Алматы қаласының прокуроры Ғабит Миразов қызметінен босатылды. Сондай-ақ қадағалау қызметін дұрыс ұйымдастырмағаны және сотта мемлекет мүддесіне тиімді өкілдік ете алмағаны үшін Ақтөбе облысы прокурорының орынбасары Д.Сыздықов пен Оңтүстік Қазақстан облысы прокурорының орынбасары Ә.Қожахметов те қызметтерімен қош айтысты.

 

Бұған қоса Ақтөбе, Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстарының және Тараз қаласының прокурорлары – М.Қайыпжановқа, Т.Тәшімбаевқа, Б.Асыловқа және Б.Сейілхановқа тәртіптік жазалар қолданылды.

 

Сондай-ақ бірқатар облыс прокурорларының орынбасарлары тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Олар мына азаматтар: Б.Мырзакеров (Павлодар облысы), С.Бакиров (Алматы облысы), Ж.Еламанов (Қызылорда облысы), С.Шалабаев, М.Төлеубаев (Атырау облысы), А.Досекенов (Маңғыстау облысы).

Т. ТҰРАН.

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

 

Пікір қалдыру

1000 символ