Ауғанстанда қазақ азаматы қаза болды

30.01.2018
Қаралды: 300

Ауғанстан астанасы – Кабул қаласындағы «Интерконтиненталь отель» қонақүйіне қарулы шабуыл жасалды. Жарияланған деректерге қарағанда, шабуылды «Талибан» қозғалысының содырлары жасаған. Олар 5 адам болған.

 

Бұл оқиға кезінде 40-тан аса адам қаза болды. 125 адам құтқарылды. Қаза тапқандардың қатарында бір қазақ азаматы бар.

 

Шабуыл кезінде мерт болған азаматтың жасы 40-та, ол Астана қаласының тұрғыны болған. Кабулға телекоммуникация істерімен айналысатын ауғанстандық бір компанияның шақыруымен өткен жылдың қазан айында барған. Марқұм алдағы ақпан айында елге қайтамын деп жүрген екен.

 

Бүгінде қаза болған азаматтың денесін туған жеріне алып қайтуға қатысты істер атқарылып жатыр. Оны жеткізудің өзі оңайға соқпайтын көрінеді. Өйткені ауғанстандық бір компания бұл істе өзінің көрсететін қызметі үшін 20 мың доллар ақы сұрапты.

"Замана".

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

 

Пікір қалдыру

1000 символ