Қаржы жымқырған «синоптик»

19.01.2018
Қаралды: 634

Атырау облысында бюджет қаржысын жымқырған шенеунікке қатыс­ты сот шешімі шықты. Ол шартты түрде 2 жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесілді.

«Қазгидрометтің» Атырау филиалы директорының орынбасары Алтынбек Әміровке Каспий теңізі акваториясының экологиялық ахуалын зерттеу үшін бірнеше әріптесімен бірге сапарға шығу тапсырылған екен. Бірақ ол су көлігіне бөлінген дизель отынын бір танысына 4 миллион 400 мың теңге сатып жіберген. Сөйтіп әріптестерін іс-сапарға шықпайтын болдық деп алдапты.

Бұл кісінің үстінен Мемлекеттік кірістер департаменті қылмыстық іс қозғаған екен. Сотқа дейінгі тергеу кезінде ол өз кінәсін мойындап, мемлекетке келтірілген шығынды өтепті.

Н. ӘБДІ.

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

Пікір қалдыру

1000 символ