Тергеушіге қатысты үкім шықты

17.01.2018
Қаралды: 165

Қостанай қалалық соты бұрынғы тергеуші Жанболат Еріковке қатысты үкім шығарды. Сот оны 3 жылға бас бостандығынан айыру, мүлкін тәркілеу жазасына кесті. Ол полиция капитаны шенінен айырылды.

Сот материалдарында айтылған жайға қарағанда, капитан Еріков қолға түскен С. есімді қалта ұрысын жазадан құтқару мақсатында оны ішкі істер департаменті қызмет­керлеріне 400 мың теңге пара беруге итермелеген. С. бұл жөнінде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Ұлттық бюросының жергілікті бөліміне шағымданған. Арада көп өтпей полиция капитаны ақша алу үстінде қолға түскен.

Н. ӘБДІ.

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

Пікір қалдыру

1000 символ