Кәсіпкерлерден ақша алып отырыпты

19.01.2018
Қаралды: 520

Маңғыстау облыстық экология департаменті экологиялық реттеу бөлімінің басшысы С.Сар­құлова ұсталды. Оған заңды тұлғалардан жүйелі түрде пара алып келген деген күдік келтіріліп отыр.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Ұлттық бюросы Маңғыстау облыстық департа­ментінің хабарлауынша, ол кәсіпкерлерден экологиялық талаптар мәселесі бойынша 20 – 30 мың теңге аралығында пара алып отырған, параның жалпы сомасы 500 мың теңгеден асқан. Оның қызмет бабын пайдаланып, бұдан басқа да заңсыз әрекеттерге барғаны жөнінде айтылады.

Н. ӘБДІ.

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

Пікір қалдыру

1000 символ