Айыр қалпақтың абыройын асқақтатпақ

18.01.2018
Қаралды: 549

Қырғызстанда шенеуніктерді ұлттық бас киім – жүннен жасалған айыр қалпақты киіп жүруге міндеттейтін заң жобасы таныстырылды. Депутаттар оны ел Президентінің, Үкімет басшысының, министрлердің, Парламент төрағасы мен депутаттарының ресми кездесулер мен шетелге жасалған сапарларда киіп жүргенін қалайтындарын айтады. Бұл шара ұлт игілігі ретінде айыр қалпақтың маңызын арттырып қана қоймай, қырғыз ұлты өкілдерінің таныла түсуіне қызмет етпек.

Аталған заң жобасына айыр қалпақтың қандай материалдан жасалатыны, сатылуы, оны мазақ қылушыларға көрілетін шаралар жөнінде де ережелер ендірілген.

Н. НҰРПЕЙІС.

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

Пікір қалдыру

1000 символ