Полковник пен капитан қамауға алынды

18.01.2018
Қаралды: 635

Мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми өкілі Ішкі істер министрлігінің екі лауазымды қызметкері қомақты сомада пара алу үстінде ұсталғанын мәлімдеді.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Ұлттық бюросы Алматы қалалық департаментінің қызметкерлері жеке адамнан қылмыстық жауапкершіліктен құтқару үшін 30 мың доллар пара алу үстінде Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес жөніндегі Оңтүстік өңірлік басқармасының оперативтік өкілі, полковник А.Григорьев пен Ішкі істер министрлігі тергеу департаментінің аға тергеушісі, капитан А.Нұрболатовты қолға түсірді», – деді министрліктің ресми өкілі.

Бүгінде аталған азаматтар қамауға алыныпты, қылмыстық іс қозғалған.

Н. ӘБДІ.

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

Пікір қалдыру

1000 символ