Бригадирлер мен директорларды сүліктей сорып отырған

18.01.2018
Қаралды: 1245

Атырау облысында Көліктегі қоғамдық денсаулықты қорғау жөніндегі Атырау бөлімдік бас­қармасының бастығы Игорь Шинге қатысты сот аяқталды. Облыстық соттың баспасөз қызметінің хабарлауынша, пара бопсалағаны үшін айыпталған Шинге сот 23 миллион 730 мың теңге (параның 70 еселенген сомасы) айыппұл салған.

«Рател» порталының мәліметтеріне қарағанда, И.Шин «Атырау – Астана», «Атырау – Алматы», «Атырау – Маң­ғышлақ», «Атырау – Ақтөбе» пойыздарындағы бригадирлер мен мейрамхана директорларынан ай сайын пара алып отырған. Санитарлық жағдай бойынша «кінәлі» болып қалатынын ойлаған олар Шинге еш­қандай да қарсылық көрсетпей келген екен. Ал Шин ақша жинау «жұмысына» өзінің қарамағындағы бірнеше қызметкерлерді салып отырыпты. Олар өз кезегінде талап етілетін соманы Атыраудағы теміржол бекетінде орналас­қан «бутиктегі» сатушыларда қалдыру керегін ескертіп отырған. Ал сатушылар болса, ақшаның не үшін өткізілетінін білместен арнайы журнал ашып, оны кім бергенін, қашан бергенін мұқият жазып отырыпты. Басқарма қызмет­керлері кейін ақшаны Шинге жеткізіп беретін болған. И.Шиннің бұған қоса тағы да бірер мекеме қызметкерлерін бопсалап ақша алғаны дәлелденіпті.

Бұл азамат өткен жыл соңында өз каби­нетінде пара алу үстінде қолға түскен. И.Шинге және оның айтуымен жұмыс істеген тағы 3 қызметкерге қатысты қылмыстық істер қозғал­ған, тиісті үкімдер шыққан.  

Н. ӘБДІ.

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

Пікір қалдыру

1000 символ