Сегіз кеденші сотталып кетті

17.01.2018
Қаралды: 270

Қостанай облысында «Қостанай-ЦТО» кеден бекетінің бұрын­ғы қызметкер­леріне қатысты сот үкімі шықты. Оларға ұйымдас­қан қылмыстық топ құрған, пара алған деген айыптар тағылды. Яғни бұл адамдар аталған бекеттен өтетін әрбір вагонның жүк декларациясын тез толтырып беру үшін кәсіпкерлерден пара алып келген екен.

Сот үкімі бойынша қылмысты ұйымдастырушы ретінде Л.Нұрғазина – 10 жылға, М.Жақсылықов – 11 жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесілді. Сондай-ақ қылмысқа қатысы бар деп табылған тағы да 5 әйел мен 1 ер азаматтың әрқайсысына 5 жыл 6 ай бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Н. ӘБДІ.

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

Пікір қалдыру

1000 символ