Қарағандыда облыстық құрылыс басқармасының бұрынғы басшысы Темірғали Дүйсенбаев пен павлодарлық мердігер компания басшысына және әкімдік пен жекеменшік компанияның бірнеше қызметкерлеріне қатысты сот жүріп жатыр. Оларға ұйымдасқан түрде қазынаның 50 миллион теңге қаражатын талан-таражға салған деген айып тағылған.
Мәселе Сарань қаласында салынған орталық қазандық төңірегінен шыққан. Нысан түбегейлі салынып бітпеген, ал мердігер компания жұмыс ақысын алдын-ала толықтай иеленіп кеткен.
Мемлекеттік айыптаушылар бұл іс бойынша кінәлі деп табылғандардың әрқайсысына 8 – 10 жыл аралығында бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұраған. Дегенмен сот олардың әрқайсысын шартты түрде 2 жылға бас бостандығынан айыру жазасына кескен.
Н. ӘБДІ.
Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!