«Военком» қолға түсті

15.01.2018
Қаралды: 419

Қызылорда облыстық қорғаныс істері жөніндегі департаментінің бастығы, әскери шені полковник азамат парамен ұсталды. Бұл жөнінде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Ұлттық бюросының баспасөз қызметі хабарлады.

Бүгінде бұл азаматтың үстінен сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүріп жатыр, оны Ұлттық бюроның облыстық депар­таменті жүргізуде. Оған бірнеше мәрте пара алған, иемденген сомасы 600 мың теңгеден асқан деген тұрғыда күдік келтіріліп отыр. Оның өткен жылғы қараша – желтоқсан айларының аралығында өз бағыныштыларынан жүйелі түрде 20 мыңнан 150 мың теңгеге дейін пара алып отырғаны анықталыпты. Яғни бастық қарамағындағылардан ақшаны олардың әскери шенін өсіргені, сондай-ақ тәртіптік жазадан құтқарғаны, қам­қорлық жасағаны үшін алып отырған.

Бүгінде ол Қызылорда қалалық ішкі істер басқармасының уақытша оқшаулау абақтысында отыр.

Н . ӘБДІ.

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

Пікір қалдыру

1000 символ