Бір шикілік бар секілді

15.01.2018
Қаралды: 1256

Жамбыл облысының әкімі ауысты. Облысты 2013-жылдан бері басқарған Кәрім Көкірекбаев басқа жұмысқа ауысуына байланысты қызметінен босатылды. Бұл облысты енді Асқар Мырзахметов басқаратын болды.

А.Мырзахметов 2016-жылғы мамыр айынан бастап Премьер-министрдің орынбасары – Ауыл шаруашылығы министрі болып келген еді. Бұл лауазымнан өткен жылдың желтоқсан айында босатылған болатын. Оның не үшін босатылғаны ресми түрде айтылған жоқ.

Осыдан кейін А.Мырзахметов туралы жайсыз сөздер шыға бастады. Таяуда бір азамат әлеуметтік желіде ол кісіні «үй қамағына» алыныпты деп естідік, бұған сенгіміз келмей, сене алмай отырмыз деген тұрғыда жазба қалдырды. Осыған орай желіні белсенді түрде қолданушы тағы бір азамат: «Егер сотталса, передачаны өзім лично апарам. Шетелден инвестор әкелгенімде откат сұрап масқарамды шығарған...» – деп жазды.

Дегенмен «үй қамағына» қатысты сөз өз дәлелін тапқан жоқ. Оның кімге керек болғанын, қайдан шыққанын біреулер білсе, білер, ал шындығында А.Мырзахметов Президент Жарлығымен Жамбыл облысының әкімі болып тағайындалды. Бұл тағайындау Премьер-министрдің орынбасары – ауыл шаруашылығы министрі бол­ған адам үшін мансапта өсу ме, әлде құлдырау ма?

Неде болса ол азаматқа қатысты бір шикіліктер бар секілді.

Н. ӘБДІ.

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

Пікір қалдыру

1000 символ