Иса ОМАРДЫ құттықтаймыз!

12.01.2018
Қаралды: 412

Басшымыз, ұстазымыз, белгілі қаламгер, Қазақстан Жазушылар және Журналистер одақтарының мүшесі Иса Омарды «Оңтүстік Қазақстан облысының Құрметті азаматы» атануымен құттықтап жатқан адамдар жүздеп, мыңдап саналады.

Осыны естіп, көріп, бүгінде көңіліміздің көктемдей болып отырғаны рас. Сол үшін рахмет Сіздерге, абзал жандар!

Ағамызға біздің де айтар тілегіміз көп. Қысқартып айтқанда былай дегіміз келеді:

Мерейлі қуанышыңыз құтты болсын, Иса аға! Сіз бұл атаққа шын мәнінде де әбден лайық жансыз. Өйткені Сіз нағыз еңбекқор адамсыз, тыным таппай, әрдайым жарқын істерге ұмтыласыз, өзгелерді де соған жетелейсіз, бұл істе талай жанға шапағатыңыз тиіп те жүр.

Қазақтың әрбір азаматы осылай еңбек ете берсе қоғамымыздың, тұрмыс-тіршіліктің сапасы әлдеқайда жақсара түсері сөзсіз. Сізге Құдай қуат берсін, әрдайым осындай маңызды істердің бел ортасынан көрініңіз!

Басты мұратымыз – елдің және ұлттың игілігіне қосар үлесіңіз мол болғай! Ұрпағыңыздың, жаныңызға жақын адамдардың, шәкірттеріңіздің жетістіктерін көріп, әрдайым шат-шадыман күйде жүре беруіңізге тілектеспіз!

Ізгі ниетпен, «Замана» ұжымы.

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

Пікір қалдыру

1000 символ