Газ қымбаттады

09.01.2018
Қаралды: 540

1-қаңтардан бастап еліміздің төрт облысында газ бағасы қымбаттады. Бұл жөнінде Ұлттық экономика министрлігінің табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылар құқығын қорғау жөніндегі Комитеті мәлім етті.

Қысқасы, тұтынушыларға газ жеткізуші «ҚазТрансГазАймақ» акционерлік қоғамы газды тасымалдауға қатысты шығындарға және арадағы түрлі қызмет көрсетуші бас­қа кәсіпорындардың ақысы қымбаттауына байланысты Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Жамбыл және Оңтүстік Қазақстан облыстарында «көгілдір отын» бағасын көтерді.

Н. ӘБДІ

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

Пікір қалдыру

1000 символ