Қостанайдың Құрметті азаматы атанды

09.01.2018
Қаралды: 153

Жерлесіміз, Сарыағаштың түлегі, журналист-жазушы Оразалы Жақсанов ерекше марапатқа ие болды. Ол кісіге Қостанай қалалық мәслихатының шешімімен Қостанай қаласының Құрметті азаматы атағы берілді. Орекеңе арнайы төсбелгі мен куәлікті Қостанайдың әкімі Базыл Жақыпов қала әкімдігіндегі салтанатты жиында табыс етті.

Оразалы Жақсанов – Қазақстанның Құрметті жур­налисі, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, Қостанай облыстық меценаттар клубы «Қазына» сыйлығының иегері, қазақ баспасөзінің дамуына өзіндік үлесін қосып жүрген азамат. Осыған дейін 30-дан астам кітабы жарық көрген, туындылары республикалық басылымдарда жарияланып тұрады. Ол кісінің бірқатар мақалалары кезінде «Замана» газетінде де жарық көрген.

...Біз Оразалы Отынбайұлын еңбегінің еленуімен шын жүректен құттықтаймыз! Қаламыңыз талмасын, биіктерден көріне беріңіз, құрметті Ореке!

Н.ӘБДІ

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

Пікір қалдыру

1000 символ