Ең қымбат нөмірді 685 мың теңгеге аласыз

08.01.2018
Қаралды: 696

«Ең мықты» деп саналатын автокөлік нөмірлерінің ресми сатылу бағасы қандай? Жақында осыған қатысты ақпарат мәлім болды. Яғни «крутой» нөмірлер 137 мың 85 теңге мен 685 мың 425 теңгенің аралығын қамтиды.

Қолданыстағы Салық Кодексінің талаптары бойынша 100, 111, 200, 222, 300, 333, 400, 444, 500, 555, 600, 666, 700, 800, 888, 900, 999 нөмірлерінің (мемлекеттік мекеме көліктерінің нөмірінен басқасы) құны 310 мың 853 теңгені (2017-жылғы есеп бойынша – 137 айлық есептік көрсеткіш) құрайды. Сондай-ақ 001, 002, 003, 004, 005, 006, 007, 008, 009, 777 нөмірлері үшін 517 мың 332 теңге (228 АЕК, 2017-жыл) төленеді.

Биылғы жылы мұндай қымбат нөмірлер қатары артып отыр. 1-қаңтардан бастап күшіне енген жаңа Салық Кодексінде оларға қатысты қосымшалар көрсетілген. «Арзанынан» бастасақ, олардың тізімі былай болып шығады:

- 010, 020, 030, 040, 050, 060, 070, 077, 080, 090, 707 нөмірлері үшін, сондай-ақ біркелкі әріптері бар нөмірлер үшін (001, 002, 003, 004, 005, 006, 007, 008, 009, 010, 020, 030, 040, 050, 060, 070, 077, 080, 090, 100, 111, 200, 222, 300, 333, 400, 444,  500, 555, 600, 666, 700, 707, 777, 800, 888, 900, 999-дан басқасы) – 137 мың 85 теңге.

- біркелкі белгілердегі 010, 020, 030, 040, 050, 060, 070, 077, 080,  090, 707 нөмірлері үшін – 274 мың 170 теңге.

- 100, 111, 200, 222, 300, 333, 400, 444, 500, 555, 600, 666, 700, 800, 888, 900, 999 нөмірлері үшін – 329 мың 485 теңге.

- біркелкі әріптермен белгіленген 100, 111, 200, 222, 300, 333, 400, 444, 500, 555, 600, 666, 700, 800, 888, 900, 999 нөмірлері үшін – 466 мың 570 теңге.

- 001, 002, 003, 004, 005, 006, 007, 008, 009, 777 нөмірлері үшін – 548 мың 340 теңге.

- біркелкі әріптермен белгіленген 001, 002, 003, 004, 005, 006, 007, 008, 009, 777 нөмірлері үшін –  685 мың 425 теңге.

Автокөлікке берілетін нөмір үшін алынатын мемлекеттік баж салығы 2,8 айлық есептік көрсеткішті (6734 теңге) құрайды.

Н.ӘБДІ

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

Пікір қалдыру

1000 символ