Болатбек Төлегенге қатысты сот жүріп жатыр

08.01.2018
Қаралды: 535

Пара алды деген айып тағылып, қамауға алын­ған Оңтүстік Қазақстан облыс­тық ішкі саясат басқармасының басшысы Болатбек Төлегенге қатыс­ты сот процестері жүріп жатыр.

Таяуда болған сот отырысы кезінде оның үстінен кезінде облыс әкімдігінде қызмет істеген, бүгінде блогер болып жүрген Ибраһим Есжанов деген азаматтың шағымданғаны белгілі болды. Яғни Б.Төлеген И.Есжановқа мемлекеттік сатып алу бойынша жеңімпаз деп танылуға көмектескен делінеді. Сол үшін берілетін 7 миллион 560 мың теңгенің 30 пайызын (2 миллион 100 мың теңге) талап еткені туралы айтылуда.

И.Есжанов облыстық ішкі саясат басқармасының басшысына оның қарамағындағы қызметкер арқылы 1 миллион 500 мың теңге берген екен, кейін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Ұлттық бюроның облыстық департаментіне шағымданыпты. Департамент қызметкер­лерінің мәлімдеуінше, Б.Төлеген қалған сомадағы ақшаны алу үстінде қолға түскен.

Дегенмен Б.Төлеген өзіне тағылған айыпты мойындаған жоқ. Бұл іске қатыс­ты сот жалғасуда.

Н. ӘБДІ.

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

Пікір қалдыру

1000 символ