Ит жылы Сізге не береді?

08.01.2018
Қаралды: 714

Әне-міне дегенше 2018-ші, Ит жылы да басталып кетті. Ал бұл жылдың ерекшеліктері қандай, ол басқа жыл­да­ры туылғандарға қа­лай әсер етеді? Ежел­гі Шығыс жұл­дыз­шылары бұған қатысты былай деген екен:

Өмірінде өзгерістер болады

Тышқан жылында туылғандар біраз жалқаулыққа салынады. Соның салдарынан бизнесмендердің табысы азайса, кәсіп­керлер тауарын өткізе алмауы мүмкін. Алайда жыл ортасына қарай сілкініп, жаңа жол іздейтін олар жақсы серіктес та­уып, несі­бесін өзге саладан іздей­тін болады.

Жаңалықтар жыл соңына қарай орын алмақ

Сиыр жылында өмірге келгендер жылдан анау айтқандай ерекше ештеңе күт­пейді. Дегенмен қулау, ылдым-жылдымы барлар көлденең табысқа кене­луі мүмкін. Ал қызмет ауыстыру немесе жалақысын көтеру сынды жоспарлары жыл аяғына қарай ғана орындалмақ.

Тіл табыса білгені жөн

Барыс жылы дүние есігін ашқандар бірбеткей мінезінің кесірінен келіп тұрған табысынан айырылып қа­луы мүмкін. Алайда қате­лігін тез түзеуінің арқасында сәттілікті уысынан шығармайды. Жыл ортасына қарай қосымша табыс көзі ашылады.

Ішкі түйсігі – жәрдемші

Қоян жылында туылғандар ішкі түйсігіне сеніп жұмыс істейді. Сондықтан оның қателесуі қиындау. Тек отбасылық өмір­де қуанышы мен уайымы аралас күндері көп болмақ. Жылдың алғашқы жартысында қарызданып қалғанымен, жыл аяғына қарай материалдық жағдайын түзеп алады.

Бейім­деле білгені дұрыс

Ұлу жылында дүние есігін ашқандар жаңаша өмір сүруге бейім­делгені дұрыс. Осы кезге дейінгі қателік­те­рінен сабақ алып, жақындарына деген көзқарасын өзгерте алса көңіліндегі мұңнан арылады. Сенімді әріптес­пен жұмыс істеу көп табыс әкелмек. Тек мақтан­гер­ші­ліктен аулақ болғаны дұрыс.

Шыдамдылық қажет

Жылан жылында өмірге келгендер қызметте де, махабатта да біраз кедер­гілерге тап болады. Былтырғы қарыздар мен орындалмаған жоспар алғаш­қы жарты­жылдықта қиындық туғыз­ғанмен, жыл аяғына қарай бәрібір жетіс­тікке қол жеткізеді.

Жақсы жаңалықтар көп

Жылқы жылында туылғандар ескі жылдан қалған қаржылық мәселе­лерін шешуде біраз қиындықтарға кезігеді. Егер алған беті­нен қайтпас қайсарлық танытса, жылдың екінші жартысында материалдық жағдайы жақсарып, жоспарлары іске аса бастайды. Бұл жылы олар үшін жақсы жаңалықтар көп болмақ.

Жалқаулықты жолатпағаны жақсы

Қой жылында дүниеге келгендердің жалқаулық кесірінен несібесінен қағылу қаупі бар. Табыс іздеп кетпей, үйді төңі­ректей беруі де оған көп кедергі болуы мүмкін. Әйт­кенмен жаз ортасынан ауа сілкініп, қимылға көшсе жалақысы жақсы жұмыс табады. Ал кәсіпкерлер жаңа жоба қарастырғаны жөн.

Бизнеске бет  бұрса болады

Мешін жылы туылғандар жылдың алғашқы жартысында ерекше белсен­ділігімен көзге түседі. Егер тәуекелге бел буса немесе жаңа ұсыныспен жұмыс жасаса, жыл аяғында табысқа кенелмек. Іскерлік қабілеті арта түсетін­діктен бизнеске бет бұрса, өкінбейді.

Сақтықты серік етсін

Тауық жылында дүниеге келгендер бірбет­кей мінезінен абайлағаны абзал. «Мені алмастыратын адам жоқ» деген пікірі өзінен өткен ал­ғыр да іскер маманды көр­генде күл-талқан болады. Психологиялық тұрғыда аздап қиналатын олар өзгелермен де санасу керек­тігін түсінеді, қарапайым болған сайын табысы да, беделі де арта түспек.

Ерекше жыл болайын деп тұр

Ит жылында туылғандар биыл жұмыс ауыстыруы мүмкін. Жаңа жобамен жұмыс жасау сәттілік әкеледі. Тек қаржыны үнемдемесе қарызданып қалуы мүмкін. Бұл жыл олардың есін­де ерекше естеліктерімен қалады.

Белсенді әрекет керек

Доңыз жылында өмірге келгендер күрделі жағдайларға тап болуы мүмкін. Ол жұ­мыс орнына байланысты болуы ықтимал. Ондайда жақындарынан қолдау, кө­мек күтеді. Алайда бәрібір өз күшіне сенуіне тура ке­леді. Белсенділік танытса жеке өмірінде де, отбасында да бәрін қалпына келті­руге болады.

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

Пікір қалдыру

1000 символ