Түркістан қалалық сотының төрағасы қамауға алынды

08.01.2018
Қаралды: 409

Түркістан қалалық сотының төрағасы Омар Серікбаев Астана қаласындағы Есіл аудандық сотының санкциясымен қамауға алынды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Ұлттық бюросы Оңтүстік Қазақстан облыстық департаментінің хабарлауынша, ол таяуда 3 миллион теңге пара алу үстінде қолға түскен.

Әзірге судьяның параны не үшін алғаны туралы ресми түрде айтыл­ған жоқ. Айтылып жатқан кей сөздерге қарағанда, ол ақшаны сотталушының жазасын жеңілдеткені үшін алған деседі.

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

Пікір қалдыру

1000 символ