2018-ші жыл қандай болмақ?

04.01.2018
Қаралды: 857

Тоқтылар еңбекте белсенді болсын

Шешімін күткен жедел мәселелермен бас қатырып жүріп-ақ жылдың қалай зулап те шыққанын білмей қалады. Бар күш-жігерін еңбекке жұмсайтын жыл. Тынымсыздығы арқасында  қызметі, жалақысы көтерілуі мүмкін. Қаңтар-сәуір айларында әріптестерімен кикілжің туындауы ықтимал. Шетелде білім аламын деген жастардың да жолы болмақ.

 

Табысы көбейген сайын шығыны да ұлғая түседі. Кикілжіңі көп отбасылардың ажырасу жайлы шешімге келуі де мүмкін.

Махаббатта сезімге өтірік араластырмаған абзал. Өйткен жағдайда сенімсіздік ұлғая түспек. Шаңырақ құру үшін мамыр мен тамыз айлары қолайлы.

Торпақтардың денсаулығын күткені жөн

Ешкім бетіне қарсы келмегенмен, моральдық-психологиялық тұрғыда қысым көруі мүмкін. Бұл қызметтегі әріптестер немесе кәсіптегі бәсе­келестердің әрекеті болуы ғажап емес. Күзге қарай мекен-жай немесе қызмет ауыстыру мүмкіндігі бар, бұл сәтті жіберіп алуға болмайды.

Табысы бірқалыпты болғанмен шығыны көптеу болуы мүмкін.

Жеке өмірінде өзгерістер орын алады. Күзге қарай үйленген Торпақтардың бақыты баянды болмақ. Ал бизнеспен айналысамын деушілер тамыз айында тәуекел еткені дұрыс.

Бүйрек, бауыр, жүрек қан тамырлары ауруларынан сақтанып жүргені жөн. Жүйкеге салмақ түсіру мен уайымдау да денсаулыққа кері әсер етеді.

Егіздер пәтер ауыстырады

Кәсіпте, қызметте, жеке өмірде тез әрекет етуді, жедел шешім қабылдауды қажет ететін оқиғалар көптеу болады. Ондайда шаршап, тынығуды армандауыңыз да мүмкін. Өткен жылдардағы қателіктерге жауап беруге тура келеді.

Жақын адамдарға қол созамын деп шығындалып қалуы мүмкін. Алайда жақсылығы екі есе болып қайтады.

Сарышаяндар ақшаны дұрыс жұмсай алмайды. Жеке басының қажеттілігін ғана емес, отбасылық, бала-шаға қажетін де есте ұстау керек.

Сәуір, шілде мен тамыз айларында жазым болудан сақтану керек. Ол үшін көлік жүргізгенде, жолға шыққанда сақ болғаны дұрыс.

Шаяндарды күзде көп жаңалық күтеді

Бұл жылы Шаяндар жан-жақтан ағылып келіп жатқан өтірік-шыны аралас ақпараттарды сараптаумен-ақ шаршап жүреді. Мұндай күй жүйкеге салмақ түсіруі де мүмкін. Өйткенше отбасылық бюджетті толықтыруды ойлаған жөн. Кәсіпкерлікпен айналысса жазға қарай қалтасы қампая түспек.

Қаңтар-маусым аралығында құжат рәсімдеуге қатысты мәселелер туындайды. Ол ақшаға байланысты келісім-шарт болуы да мүмкін. Күзге қарай қуанышты жаңалықтар көбейеді.

Қаржылық-материалдық жағдайында өзгеріс болмайды, табысы мен шығыны бірдей деңгейде. Күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге, көлік алмастыруға ыңғайлы уақыт.

Арыстандар күрделі жайлармен жолығады

Бұл Арыстандар үшін төзімділігін сынаққа салар жыл деуге болады. Олар ұстанған бағытының дұрыс екенін дәлелдеу үшін көп күш пен энергия жұмсайды. Сәуір-мамыр айлары күтпеген кедергілермен есте қалады. Ал тамыз-қазан айларында жаздайғы күресінің жеңісті нәтижесін көреді.

Алғашқы жартыжылдықта бизнес үшін жүйке жұқартуға тура келеді. Әрбір істің басында болу үшін уақыт жеткізе алмайды. Түрлі тексеру мазалауы мүмкін. Ескі қарыздарды жинау қиындық туғызады. Ақшаны жылжымайтын мүлікке салыңыз.

Жүрегі ауыратындар емделгені жөн. Жол ережесіне мұқият болыңыз. Қыркүйекте санатроий немесе курортта демалған жақсы.

Бикештер қызмет ауыстыруы мүмкін

Келер жылы отбасында қуа­нышты жайлар көбірек орын алады. Қаржылық-материалдық жағдайы бірқалыпты, ал қиындықтарда жақын туыстарының қолдауына арқа сүйегені жөн. Алдағы жыл олар үшін жылжымайтын мүлік мәселесін шешуде қолайлы болмақ. Тек қарыз алмағаны дұрыс.

Мемлекеттік қызметте істей­тіндерді үлкен сынақ күтіп тұр, сүрінбей өтсе абыройы асады, сүрінсе дәрежесі төмендеуі мүмкін. Ондай жағдайда жыл аяғында жұмыс орнын ауыстыруы да ғажап емес.

Жүйкеге салмақ түсіруге және иммунитетті әлсіретуге болмайды. Әйтпесе созылмалы ауру денсаулығына қауіп төндіруі мүмкін.

Таразының табысы көбейеді

Қарбалас тірші­лік басталады. Жайбарақаттықты қою керек. Сіздің елден ерекше бел­сенділі­гіңізді өзгелер жағымпаздық деп түсінуі мүмкін. Қызметте ки­кілжіңге жол бермеңіз. Қызметі­ңіз не жалақыңыз көтеріледі.

Мамыр айында күрделі қиындыққа тап боласыз. Оны қаржы арқылы шешудің жолы бар. Ал қараша немесе желтоқсанда беделді жанның ықпалымен материалдық жағдайыңызды дұ­рыс­тауға мүмкіндік туады. Ол үшін іскерлік қабілетіңізді танытуға тиіссіз.

Махаббатта да, қаржы мәсе­лесінде де кедергілер көп. Оған өзіңіз кінәлісіз. Тиянақтылық пен айтқан сөзде тұру азаматтық беделіңізді арттыра түсетінін ұмытпаңыз.

Сарышаяндар спортпен айналысса ұтады

Қандай қи­ындықтар кездессе де тап­қырлығының арқасында кенеттен жолы бола ке­теді. Ақпан-мамыр аралығында қаржы­ға қатысты мәселелерде сақ бол­ғаны жөн. Сенімсіз се­рік­тер мен жалқау әріптес­терден аулақтау жүрген жақсы. Әйтпесе кесірі тиюі мүмкін.

Жыл бойы үнемдеген ақшасын табан астында аса қажет нәрсеге амалсыз жұмсап қоя береді, есесіне қазан айында қолына қомақты сома түседі.

Қызметте басшылықпен ке­ліс­­песеңіз де үнсіз бас шұлғыған дұ­рыс. Ал дұрыстығыңызды тек еңбекпен танытыңыз. Сонда бедел де, абырой да уыста болмақ.

Салауатты өмір салтына бейімделетін кез келді. Фитнес-клубтарға барған дұрыс.

Мергендерге қарыз алуға болмайды

Ойға алған жоспарымен жұмыс жасаса, жылды табысты аяқ­тайды. Жылдың алғашқы жартысында кедергі­ көп. Құжат мәселесінде мұқият болғаны дұрыс.

Саясат пен шығармашылық адамдарының айы оңынан туады. Марапат немесе атақ алу оңай. Тек дандайсып кетуге болмайды, олай еткен жағдайда беделден жұрдай болу әп-сәтте.

Бұл жылы Мергендер үлкен қаржылық мәселелерге ұрынбағаны жөн, өйтсе шығындалып қалуы мүмкін. Қарыз беру немесе алу, жылжымайтын мүлік сату не сатып алу мәселесінде сақтықты ұмытпағаны абзал.

Мекен-жай ауыстыруы мүм­кін. Жол жүргенде, көлікте абай болғаны дұрыс.

Тауешкіні сәттілік күтіп тұр

Қызметте, отбасында, қаржы мә­се­лесінде де проблемалар өздігінен шешімін табады. Дегенмен кездесу, іссапар, жаңа жоспарға бет бұру сынды қауырт тірлік  шаршататын сәттер көп. Сәуір, мау­сым мен тамыз айларында қаржы үнемдеуге тура келеді.

Жеке өмірде көп нәрсені өз­гертеді: көзқарасы, имид­жі­, қалыптасқан қағидалары, т.б. Жақындарыңыз мұны тү­сінбеуі мүм­кін, дегенмен ақталып әуре болмаңыз.

Қаржы мәселесінде ешқандай өзгеріс жоқ, тек қымбат зат сатып алмас бұрын дұрыстап ойланыңыз. Ал денсаулыққа келсек, энергияңызды үнемдеп үй­реніңіз. Уақытылы ұйықтау, дұрыс демалу да маңызды нәрсе екені есте болсын.

Суқұйғышта қуанышты күндер көп

Алдағы жыл Cуқұйғыштар үшін арпалыс, өткен қателік­терді түзеуге арналған уақыт сынды. Кемшіліктерін жою арқылы жаңа биіктерге шығатынына көзі жеткен олар ең алдымен жағымсыз әдеттерінен арылуға тырысқаны дұрыс. Жаңаша көзқарас табыстың жаңа көзін ашуға көмектеседі.

¬аржылық-материалдық жағдайында анау айтқандай өзгеріс бола қоймайды. ¬айта ойдағы көп­теген жоспары кейінге қалып қоюы мүмкін. Тыраштанғанмен ар­тық ақша жинауы қиындау. Қандай жағдайда да қарыз алмауға тырысу керек.

Көлік жүргізгенде абай болғаны дұрыс. Сәуір-мамыр, қазан айларында денсаулығын ерекше күт­кені абзал. Жақын туысының денсаулығын түзеуіне жәрдем­дескені құп.

Балықтар тек алға ұмтылады

Еңбек пен табыс табу деп жүріп жылдың зымырап өтке­нін сезбей қалады. Қыз­мет­тегі болмашы мақтау әріптестерінің көре алмаушылығын оятады. Сын айтушылармен ұрысқанша, еселеп еңбек ете берсеңіз ұтасыз.

Қаржы құюға тура келетін жос­парларды келесі жылға қалдырғаны жөн. Жиһаз сатып алса ұтылмайды. Сәуір айында жаңа жұмыс ұсынушылар болуы мүмкін, оны жағдайға қарай ойланып көру керек.

Ұзынқұлақтан келген әңгі­менің бәрін жаныңызға жақын қа­былдау жүйкені жұқартып, жү­ректі ауыртады. Оданша белді бекем буып, тек алға ұмтылған дұрыс.

Бұл жыл өткен жылдардағы қателік үшін кешірім сұрау мә­селесі жиі мазалайды, ойланыңыз.

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

Пікір қалдыру

1000 символ