2018-ші жыл сізге қалай әсер етеді?

27.12.2017
Қаралды: 703

Әне-міне дегенше жаңа, 2018-жылды қарсы алғалы отырмыз. Жаңа жылда жаңа жоспар құрып, жаңа арман-мақсатқа ұмтылғалы жүргендер жұлдызшылардың болжамына құлақ асқаны жөн. Олар былай дейді:

Ит жылында Тоқтылардың бойында күш-қуат тасиды. Тек оны өзіңізге пайдасы жоқ, берекесіз іске құртпай, көңіліңізге жағымды іспен айналысып, уақытыңызды пайдалы өткізген дұрыс. Қызметіңіз бен кәсібіңізге ғана емес, ұсақ-түйек шаруа­ларға да көңіл бөліңіз. Егер шынайы бақытыңызды тапқыңыз келсе, қарым-қатынастағы талаптарыңыз да қарапайым болсын.

Ит жылы Торпақтардың күш-қайраты мен  төзімділігін сынға алады. Сондықтан сақ болғаныңыз жөн. Егер алдағы жылы мол табысқа қол жеткізгіңіз  келсе, өмірге деген құштарлығыңызды бақылауда ұстаңыз. Шаңырақ көтеруді жоспарлап жүрген болсаңыз, сезіміңізді басқарып үйреніңіз. Жеңіл-желпі қарым-қатынас­қа алданып қалып жүрмеңіз.

Астрологтар 2018-жылы Егіздер шындап кіріссе, құрған жоспарының бәрі іске асатынын айтады. Олар мансабында, кәсібінде, тіпті шығармашылық бастамаларында да табысқа қол жеткізеді. Отбасын құруды, сәбилі болуды армандап жүрген болсаңыз, ол да оңынан шешіледі.  Ең бас­тысы, өзіңізге сеніңіз.

 Алдағы жылы Шаяндар өмірінде көптеген қызықты жайттар, тосын сыйлар орын алады. Таныс арттыруыңыз, жаңа достар табуыңыз мүмкін. Соның арқасында қызметіңіз  бен жеке өмірі­ңізде де біраз өзгерістер болады. Дегенмен ұсыныстардың ақ-қарасын ажыратып, ой елегінен өткізіп ал­ғаныңыз дұрыс. Материалдық жағдайды жақсартуға да қолайлы жыл болғалы тұр.

2018-жыл Арыстандар үшін табысты, сәтті жыл болмақ. Еңбекқорлығыңыздың арқасында біраз биіктерді бағындырып, көп жетістікке жетесіз. Алдағы жылы сізге  жағымпазданатын, қошемет сөздерін үйіп-төгетін жандар да кездеседі. Бірақ оған алданып қалып жүрмеңіз. Әр мақтау сөздің астарында қулық жатқанын біліңіз. Үйленуге қолайлы жыл.

Ит жылында Бикештердің өмірінде үлкен өзге­рістер болмақ. Қызметіңізде, жеке өміріңізде орын алатын өзгерістерге іштей дайын жүргеніңіз абзал. Махаббатта да жолыңыз ашық. Егер әлі өмірлік серігіңізді таппаған болсаңыз, алдағы жылы оны кездестіретініңізге сенімді болыңыз. Шетелге саяхаттауға да қолайлы жыл, мүмкіндігіңізді жіберіп алмай, пайдалана біліңіз. 

Алдағы жылы Таразылар ұйымдастыру жұмыстарынан бойын аулақ сала тұрғандары жөн. Сонымен қатар жылжымайтын мүлік алу немесе сату, несие алу сияқты  үлкен қаржы жұмсалатын істермен айналыспағаныңыз жөн. Мұндай шаруаны өзіңіз сенетін кісімен ақылдасып шешкеніңіз дұрыс. Әйтпесе шығынға ұшырап қалуыңыз әбден мүмкін. Есесіне бұл жыл шығармашылықпен айналысуға қолайлы.

Сарышаяндар келер жылы нақты шешім қабылдап, мүмкіндікті пайдалана алса, өмірінде оң өзгерістер орын алады. Өзге­лердің аяқтан шалуға талпынған жымыс­қы әрекеттері сізге зиянын тигізе алмайды. Оқуда, жұмыста, шығармашылығыңызда, қаржылай да үлкен табыстарға қол жеткізесіз. Дегенмен аға­йын-туыс, жақын-жуықтарыңызбен  қарым-қатынаста мұқият болыңыз.

2018-жылы Мергендер айналасындағыларға жаңа қырымен танылады. Бойыңызда бұғып жат­қан қабілетіңіз бен қасиетіңіз ашылуы мүмкін. Кез-келген салада табысқа жетіп, айы­ңыз оңынан туады. Шығармашылықта да, жеке кәсіпте де көптеген табыстарға қол жеткізесіз. Бос уақытыңызды біліміңіз бен білікті­лігіңізді арттыруға, киноға, театр­ға баруға, сая­хаттауға жұмсасаңыз болады.

 Жұлдыздар Тауешкілерге Ит жылында барынша сақ жүруді ескертеді. Отбасылық қарым-қатынаста, қызметте де сауысқаннан сақ болуыңыз керек. Әрқашан сабырлы, ұстамды қалпыңыздан танбаңыз. Құмарлық жетегінде кетпеңіз, қай істе де тәуекелге бармаңыз. Шешім қабылдарда «жеті рет өлшеп, бір рет кесіңіз». Ақындық немесе суретшілік қабілетіңіз ашылуы мүмкін. Шығармашылыққа ден қойы­ңыз.

Ал Суқұйғыштар бұл жылы тәртіп пен ережеге бағынғандары жақсы. Алдыңызда зор мүмкін­діктер күтіп тұр. Тек оны жіберіп алмай, өз пайдаңызға асыра біліңіз. Сезімге бой алдырмағаныңыз жөн. Бітпейтін қызықтың  жетегінде кетпе­ңіз.  Жалпы, жыл сіз үшін сәтті болғалы тұр.

 Балықтар үшін келе жатқан жаңа жыл тосын сыйлар мен күтпеген жайларға толы болмақ. Олар қандай жоспар құрып, табандылық танытса да жұлдыздар өзгеріс енгізбей қоймайды. Олардың қашан орын алатынын болжау мүмкін емес. Әрине, бұл Балықтар алдағы жыл­ға ешқандай жоспар құрмауы тиіс деген сөз емес. Тек жоспарыңыздың күтпеген жерден өзгеруіне дайын болыңыз.

С. МАҚҰЛБЕК.

 

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

Пікір қалдыру

1000 символ