Нұрбек Бадырақов – қала әкімінің аппарат басшысы

25.12.2017
Қаралды: 655

Шымкент қаласы әкімінің аппарат басшысы тағайындалды. Бұл қызметті Нұрбек Бадырақов атқаратын болды.

Нұрбек Бақтыбайұлы Бадырақов 1988-жылы Шардара ауданында өмірге келген. Заңгер, ауыл шаруашылығы ғылымдарының магистрі. Еңбек жолын облыстық ауыл шаруашылығы басқармасында статист болып бастаған, сонда бірқатар басшылық жұмыстар атқарған, бас­қарма басшысының орынбасары лауазымына дейін көтерілген. Кейін Ауыл шаруашылығы вице-министрінің кеңесшісі, Парламент Мәжілісі депутатының көмекшісі болып істеген. 2017-жылдың қаңтар айынан бері Ауыл шаруашылығы министрлігінің агроөнеркәсіп кешеніндегі мемлекеттік инспекциясы Комитеті Оңтүстік Қазақстан облыстық аумақтық инспекциясының басшысы болып келді.

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

Пікір қалдыру

1000 символ