Әліпбек Өсербаевтың қызметі өсті

25.12.2017
Қаралды: 750

2012-жылдан бері Түркістан қаласының әкімі болып келген Әліпбек Өсербаев жаңа тағайындау алды. Ол кісі енді облыс әкімінің бірінші орынбасары қызметін атқаратын болды.

Әліпбек Шәріпбекұлы Өсербаев – Түркістан қаласының тумасы, 1962-жылы дүниеге келген. Мамандығы бойынгша – инженер-технолог. Ол еңбек жолын Қарағанды қаласындағы асбест-цемент комбинатында бастаған. Кейін Түркістан қаласындағы кәсіпорындарда істеген, жауапты қызметтер атқарған. 2007-жылы Түркістан қаласы әкімдігінің құрылыс бөліміне басшы болып тағайындалған, 2009-жылдың ақпан – тамыз айларының аралығында Кентау қаласы әкімінің орынбасары қызметін атқар­ған, кейін Түркістан қаласы әкімінің орынбасары, қала әкімі болып таға­йындалған. Облыстық кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасын басқарды. Түркістан қаласының әкімі қызметін 2014-жылдың қыркүйек айынан бері атқарып келді.

...Бұған дейін облыс әкімінің бірінші орынбасары болып келген Д.Сатыбалды бұл қызметтен өз өтініші бойынша кеткен көрінеді. Ол шетелде білім алады екен.

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

Пікір қалдыру

1000 символ