Өмірзақ Шөкеев – Премьер-министрдің орынбасары

25.12.2017
Қаралды: 459

Осыған дейін «Самұрық Қазына» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы болып келген жерлесіміз Өмірзақ Шөкеев басқа қызметке ауысты. Ол енді Премьер-министрдің орынбасары – Ауыл шаруашылығы министрі лауазымын атқаратын болды.

Өмірзақ Естайұлы Шөкеевтің жасы қазір 53-те. Оның осы уақытқа дейін көптеген жауапты қызметтер атқарып келгені белгілі. Кезінде Қостанай және Оңтүстік Қазақстан облыстарының, Астана қаласының әкімі, еліміздің Экономика министрі, Премьер-министрдің бірінші орынбасары болған. «Самұрық Қазына» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы қызметін 2011-жылдан бері атқарып келген еді.

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

Пікір қалдыру

1000 символ