Әкемізге донор болатын адам іздейміз

21.12.2017
Қаралды: 649

Шымкент қаласынан шығатын «Замана» газетінің №148 нөмірінде «Әкеме донор болатын адам іздеймін» деген тақырыпта хабарламам жарияланған болатын. 

Онда әкеміз Сәкен Айтжанбай­ұлы Сабаевтың 2016-жылдан бері бүйрек дертіне шалдыққанын, дауа болатын жалғыз ем – бүйрек трансплантациясы екенін жазған болатынмын.  Сол уақыттан бері  еліміздің әр аймағынан қоңырау шалған ағайын ықылас-пейілін танытып, әкемнің ауыр дертті жеңіп шығарына тілектестік білдіріп жатыр. Ол үшін бәріңізге мың алғыс! 

Отбасымыз, анам,  әкемнің бірге туған 9 бауыры ойласа келе «Замана» газеті арқылы  әкемнің есеп-шотын жариялап, тағы да көпшіліктің көмегіне жүгінуге мәжбүр болып отырмыз.

Себебі дәрігерлер әкемді тез арада отаға жатқызып, трансплантация жасамаса, бүйректен өзге ағзаларға зияны тиетінін айтып отыр. Мұның соңы ба­уыр мен жүректің жұмысын нашарлатады дейді. Уақыт ұзаған сайын операцияны көтере алмауы да мүмкін екенін айтады. Осыған орай бізде өз­деріңізден көмек сұраудан өзге амал жоқ.  Әкеме гемоди­ализдің, дәрі-дәр­мектің ақысын мемлекет төлейді. Бірақ донор табыла қалған жағдайдағы қо­сымша  жұмсалатын қаржыға  біздің де, әкемнің 9 бауырының да шамасы жетпейді екен.  Ойлап қарасақ, туған-туыстардың көмегі  донор болатын жанның жол шығынына, операция алдындағы қосымша ем ақыларына ғана жететін тәрізді.

Біз әкеме донор болатын адам ота алдында дәрігерлік тексеруден және қажетті емдеуден өтсе екен дейміз.  Оның әкеме деген ниеті өз денсаулығына зардабын тигізгенін қаламаймыз. Сондықтан газет арқылы әкеміздің зейнетақы шотын газет арқылы хабарлап, көпші­ліктен, халқымыздан көмек күтеміз.

Көптің тілегі де, көптің көңілі, көптің көмегі де көлмен бірдей ғой. Ем-домынан артылған қаржыны әкем тәрізді көптің көмегін  қажет етіп отырған жандардың есеп-шотына аударуға дайынбыз. Қазір әкемді аптасына 3 күн, 4 сағаттан төсекке таңып қоятын гемоди­ализдің қыспағынан құтқарудан өзге тілек жоқ бізде.

Әкеміздің банктегі дерегі  мынадай:

«Қазақстан Халық банкі» АҚ.

Банктік есеп-шоты: 53 54 5100326 01147, ИИН 69 06 123 00940.

Құрметпен: Сәкен Сабаевтың балалары – Санжар АЙТЖАНБАЙ және Ақбота САБАЕВА.

Бізбен мына телефондар арқылы байланысуға болады: 8-702-193-48-93,   8-701-432-46-11, 8-701-245-23-82.

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

Пікір қалдыру

1000 символ