«Кәусар – Әлидің» балалары өнерімен тәнті етті

20.12.2017
Қаралды: 207

Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында Ордабасы ауданының Шұбарсу ауылындағы «Кәусар-Әли» балабақшасында «Терең білім – Тәуелсіздік тірегі» атты ертеңгілік концерт болды.

Біз бұл іс-шарадан бұрын «Бәйтерек» тобының ашық сабағына қатысқан едік. Тәрбиеші Нұржамал Ескендірованың математика сабағы жоғары деңгейде өтті.

Сол күні балабақшаның ашылғанына екі жыл толуына орай мекеме ұжымы  «Ашық есік» күнін өткізіп, барлық топтың ата-аналарын балаларының өнерін тамашалауға шақыр­ған екен.  Бізді есік алдынан ұлттық киім киген тәрбиешілер күтіп алды. Оның өзі көңілге бір қуаныш сыйлайды екен. Әйтпесе ұлттық киімді тек Наурыз мерекесінде ғана көреміз ғой.

Меңгерушісі Зәуре Сындарова ата-аналар мен балаларды тәуелсіздік мерекесімен құттықтап болғасын «Бәйтерек» тобының биші қыздары ұлттық киімде мың бұралып би биледі. Содан соң «Жауқазын» тобының ұлдары батыр биін билеп жүріп, ержүрек батырлардың ролін сомдады. Бақшаға кеше ғана памперстерін сүйретіп барған балаларымыздың ұлттық киімде біреуі қазақтың сұлу бойжеткені болып, екіншісі батыр жігіттің кейпінде тұрғанын көріп, көңіліміз кәдімгідей марқайып қалдық. Ата-ана үшін баласының өнерін тамашалаудан артық қандай бақыт  болсын! 

Г. ТҰРАРБЕК.

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

Пікір қалдыру

1000 символ