Қайрат Дәлбеков Оңтүстікке оралды

20.12.2017
Қаралды: 264

Оңтүстік Қазақстан облыстық ішкі істер департаментін 2016-жылдың тамыз айынан бері басқарып келген полиция полковнигі Жанат Сүлейменов Ішкі істер министрінің орынбасары қызметіне тағайындалды. Ал Оңтүстік Қазақстан облыстық ішкі істер департаментінің бастығы қызметін енді полиция полковнигі Қайрат Дәлбеков  атқаратын болды.

Қайрат Сұлтанбайұлы Дәлбеков 1963-жылы Сайрам ауданының Ақсу ауылында өмірге келген. Ішкі істер министрлігінің жоғарғы мектебін бітірген.

Ол кезінде Шымкент қаласының, Оңтүстік Қазақстан облысының құқық қорғау салаларында лауазымды қызметтер атқарған. Мақтаарал ауданының, Кентау қаласының, Шымкент қаласындағы Абай ауданының ішкі істер басқармаларын, криминалдық полицияны басқарған, Оңтүстік Қазақстан облыстық ішкі істер департаменті бастығының бірінші орынбасары болған. 2013-жылдың шілде айында Маңғыстау облыстық ішкі істер департаментінің бастығы қызметіне тағайындалған болатын.

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

Пікір қалдыру

1000 символ