Астанада ауыс-түйіс болды

18.12.2017
Қаралды: 387

Еліміздің сот және құқық қорғау салаларының жоғары эшалонында кадрлық ауыс-түйістер жасалды. Парламент Сенаты депутаттарының жалпы отырысына қатысқан Елбасы Н.Назарбаев бұл шаралардың сот және құқық қорғау салаларында жасалып жатқан реформаларды тездету және сапалы түрде іске асыру мақсатында қолға алынғанын атап өтті.

Президент Конституциялық Кеңестің төрағасы Игорь Роговтың зейнеткерлік жас­қа толуына байланысты қызметінен босатылғанын, бұл лауазымға осыған дейін Жоғарғы Соттың төрағасы болып келген Қайрат Әбдіразақұлы Мәмидің тағайындалғанын мәлімдеді. (Жоғарғы Соттың төрағасы қызметін Қ.Мәми  2013-жылдың қазан айынан бері атқарып келген болатын).

Мемлекет басшысы Жоғарғы Соттың төрағасы қызметіне 2016-жылдың сәуір айынан бері еліміздің Бас Прокуроры болып келген Жақып Қажманұлы Асановтың кандидатурасын ұсынды. Ашық да­уысқа салу кезінде депутаттар оны түгелдей қолдап шықты.

Президент Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры қызметіне 2015-жылдың желтоқсан айынан бері Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі агенттікті бас­қарып келген Қайрат Пернешұлы Қо­жам­­жа­ровтың кандидатурасын ұсынды. Сенат депутаттары оған да бір ауыздан қолдау білдірді.

Ал Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі агенттік төрағасы қызметіне Алик Жатқанбайұлы Шпекбаев таға­йындалды. Ол 2016-жылдың қыркүйек айы­нан бері аталған агенттік төрағасының орынбасары қызметін атқарып келген болатын.

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

Пікір қалдыру

1000 символ