Әбдірахман Тасыбаев – Қаржы басқармасының басшысы

18.12.2017
Қаралды: 270

Оңтүстік Қазақстан облыстық қаржы басқармасын 2015-жылдың қазан айынан бері басқарып келген Кеңесбек Мендебаев басқа жұмысқа ауысуына байланысты қызметінен босатылды. Бұл мекемені енді Әбдірахман Тасыбаев басқаратын болды.

Әбдірахман Батырбекұлы Тасыбаев 1977-жылы дүниеге келген. Мамандығы бойынша – инженер-экономист.

Ол еңбек жолын Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің аппаратында бас маман болып бастаған. 2002 – 2011-жылдар аралығында облыстық қаржы және коммуналдық меншік депар­таментінде – бөлім басшысы, облыс әкімдігі аппаратында – бас маман, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау минис­трлігінде – басқарма басшысының орынбасары, Шымкент қаласы әкімдігінде – әкім кеңесшісі, облыстық мәслихатта ревизиялық комиссия бөлімінің меңгерушісі болған. 2011-жылдың қыркүйек айынан бері Оңтүстік Қазақстан облыстық ревизиялық комиссиясының мүшесі қызметін атқарып келді.

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

Пікір қалдыру

1000 символ