Серікбай Ораз Бас мүфти болып сайланды

18.12.2017
Қаралды: 342

Таяуда Қазақстан Мұсылмандары діни басқармасының кезекті VІІІ құрылтайы болып өтті. Оған еліміздің әр аумағынан 300 делегат қатысты. Құрылтайда Бас мүфти Ержан қажы Маямеров мүфтиаттың осыған дейін атқарған жұ­мыстарына есеп берді.

Құрылтайда ҚМДБ-ның жаңа басшысы сайланды. Бұл қызметке Ержан қажы Малғажыұлы осыған дейін өзінің орынбасары болып келген Серікбай қажы Оразды ұсынды, жиын делегаттары оған бір ауыздан қолдау білдірді.

Сонымен, Қазақстан Мұсылмандары діни басқармасы тарихында төр­тінші Бас мүфти сайланды. Ал Серік­бай қажы Ораз өзінің алғашқы кезде­суін ҚМДБ-ның бірінші басшысы бол­ған Рәтбек қажы Нысанбайұлының шаңырағынан бастады. Рәтбек қажы шәкіртімен емен-жарқын әңгімелесіп, өмірлік тәжірибесімен бөлісті. «Сен Алланың қалауымен Бас мүфти қызме­тіне осы салада ұзақ жыл бойы жинақтаған тәжірибе арқылы келдің. Жұ­мысыңа табыс тілеймін. Жаратушы Ием жар болсын!» – деді ол кісі шәкіртіне ақ батасын беріп тұрып.

...Серікбай Сатыбалдыұлы Ораз 1975-жылы өмірге келген. Мысырдағы «әл-Азхар» универси­тетінде, Пәкстанның Исламабад Әлемдік универси­тетінде білім алған. Абай атындағы Қазақ Мем­лекеттік университетін құқық­тану мамандығы бойынша бітір­ген. Экономика магистрі. Кезінде Алматы мешітінің наиб-имамы, Ислам университетінің ректоры қыз­меттерін атқарған. Жаңа қызметке сайланғанға дейін Бас мүф­тидің орынбасары, Астанадағы «Әзірет Сұлтан» мешітінің бас имамы болып келді. Ол кісі бүгінде 7 баланың әкесі.

Н. ӘБДІ.

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

Пікір қалдыру

1000 символ