Тыл ардагерлеріне жолдама неге берілмейді?

13.12.2017
Қаралды: 1108

Президентіміз Н.Назарбаевтың 2015-жылғы 24-мамырдағы Жолдауында соғыс ардагерлері мен тыл ардагерлері қоғамдық көліктерде тегін жүруге, шипажайларда тегін емделуге құқылы екенін айтқан болатын.

Таяуда біз осы мәселе бойынша, яғни шипажайға жолдама сұрап Шымкенттегі әлеуметтік қамсыздандыру мекемесіне барған едік. Сонда Ертаев деген азамат: «Тыл ардагерлеріне жолдама бере алмаймыз. Жолдама қатардағы зейнеткерлерге ғана беріліп жатыр», – деп жауап берді. Сонда қалай? Президенттің сөзі аяқасты болғаны  ма?

Біз – балалық шағы соғыс жылдарына тура келген, бала сияқты ойнап-күлуді білмей өсіп, еңбекке ерте араласқан жандармыз. Бүгінде жасымыз 85-тен асып отыр. Балалық, бозбалалық, жігіттік шақтарымыз сағымға ұқсап жалт етіп жоғалды. Ендігі кейінгіден күтеріміз – олар бізді сыйлай білсе, бұлай қинамаса екен дейміз. Қазір бізде автобуста тегін жүруге құқық беретін арнайы куәлік те жоқ.

Басшылар осы жағын ескеріп, тілектерімізді орындаса екен.

Тыл ардагерлері атынан – Ш.Арысбаев, Е.Өтебаев, С.Әшірбеков, Н.Васильев.

Шалқар Арысбаев қарияның байланыс  телефоны: 8-701-164-46-71.

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

Пікір қалдыру

1000 символ