Жақын жанға ауыр сөздер айтпаңыз

12.12.2017
Қаралды: 1971

 Ешқашан биік шыңға шықтым деп асып-тасудың керегі жоқ, аяғың сәл тайып кетсе, жерден табыласың.

 Кімнің кім екенін басыңа іс түскенде білесің.

 Ешқашан ешкімнен кек алма, жай ғана кешіре сал. Өмір оған өзі-ақ жазасын береді.

 Қиындықтар – өткен өміріңнің жазасы емес, жарқын болашағыңа берілген сынақ.

 Көп адамдардың бетіндe көрінбейтін маска бар..

 Адамды кедейлік немесе байлық құртпайды, көреал­маушылық пен қызғаншақтық құртады.

 Өзгені төмендеткеннен өзің биік боп қалмайсың.

 Жаның ауырып тұрса да күлімде. Сенің жағдайыңды өзіңнен басқа ешкім түсінбейді.

 «Адамдар не ойлайды?» деген сұрақ ең соңғы орында тұруы керек. Бәріне бәрібір. Өмір сенікі ғой.

 Өзін өзгеден жоғары қойған адамдарды тағдырдың өзі төменге түсіреді.

 Бағың жанып, тасың өрге домаласа, арзанқол достар мен дұшпандарың көбейеді.

 Жақындарыңызға айтқан ауыр сөздеріңіз олардың жүрегіне шегедей қағылатынын біліңіз. Ол шегені кешірім сұрап алып тастасаңыз да орнында ойық қалады. Сондықтан шын жақсы көретін адамдарға көңіліне тиетін сөздер айтпаңыз.

 Өмірдің қиындығын көп көрген көп нәрсеге қол жеткізеді.

Өмірдің ащысын көп татқан адам тәттінің қадірін біледі.

Өмірде көз жасы көп төгілген адам шынайы күле алады.

Өмір – ең үлкен ұстаз.

 Егер Құдай басыңа қиыншылық берсе – сенің жеңе алатыныңа сенгені.

 Біреуді өсектемес бұрын оның киген аяқ киімін киіп, оның жүрген жолымен жүр. Оның жолдағы шалынған әр тасына шалын. Оның бар ауыртпалығын сезін. Содан кейін ол туралы өсек айт.

 Сен күн болсаң да тас секілді адамдар болады. Олар жүрегіңді жаралайды, күйе жағып қаралайды. Олардың алдында ақталма.  Себебі күнге күйе жағылмайды!

 Егер сізді өсектесе, қамықпаңыз. Біліңіз – құрттар тек дәмді жемістерге жабысады.

 Неліктен жылаған кезде адам жеңілдеп қалады? Себебі көз жасымен бірге қайғы, өкпе мен реніш шығып кетеді. Реніш кетеді, ашу басылады. Бірақ көңілің ешқашан баяғыдай болмайды.

 Ең бастысы – өзіңе сен. Маңыңдағы адамдардың көзқарасы күнде өзгереді.

 Ауыздан шыққан әрбір сөзге ие бол. Ол сөз біреудің кеудесін тесер оқ болса, енді біреуге жан жарасын емдейтін шипа болады.

 Адамның санасы қаншалықты төмен болса, ол мұрнын соншалықты аспанға шүйіреді.

 Ұлың болса ұрының сыртынан күлме.  Қызың болса жезөкшенің сыртынан күлме.  Кедейге күлме, сақауға сауал беріп, күліп жауап күтпе. 

 Жылап жүрген бейшараға күлме, алдыңнан келуі ғажап емес.

 Шын ниетпен жақсылық жаса, қайтымын күтпе.

 Біреудің киіміне қарап өз бағаңды көтерме, мүмкін оның жан-дүниесі бағалы шығар.

 Сені жаратқан Алла оны да жаратқанын есіңнен шығарма. Ешкім ешкімнен артық емес.

 Біреуден жәбір көрген жанның дұғасын Алла қабыл етеді. Ешкімге тіліңмен де, іс-әрекетіңмен де зияныңды тигізбе. 

«Mazhab.kz»

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

Пікір қалдыру

1000 символ