Сейтқазы Матаев бостандыққа шықты

11.12.2017
Қаралды: 877

Қапшағай қалалық сотының шешімімен Сейтқазы Матаев шартты түрде мерзімінен бұрын бостандыққа шығарылды.

 Қазақстан Журналистер одағының басшысы Сейт­қазы Матаев пен оның «ҚазТАГ» агенттігін басқарған ұлы Әсет Матаевқа қатысты қылмыстық іс 2016-жылдың басында қозғалғаны белгілі. Оларға «қомақты көлемде бюджет қаржысын жымқырған және салықтан жалтарған» деген айып тағылған болатын. Алайда айыпталушылар оны мойындамады.

2016-жылдың қазан айында Астана қаласындағы Есіл аудандық соты С.Матаевты «қаржы жымқырды және салықтан жалтарды» деген баппен 6 жылға, оның ұлын «қаржы жымқырды» деген айыппен 5 жылға бас бостандығынан айыру жазасына кескен еді. Кейін Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай жарияланған рақымшылық бойынша С.Матаевтың жазасы 2 жыл 8 айға қысқартылды. Енді ол шартты тәртіппен бостандыққа шығарылып отыр.

«Бұған аса қуанып отырғаным жоқ, өзімді еркіндікке шықтым деп ойламаймын. Түрмеде ұлым отыр. Бірінші жоспарым – күш салып, баламды бостандыққа шығаруым керек деп ойлаймын. Жалпы, біз кінәлі емеспіз», – деді сол күні С.Матаев журналистерге берген сұхбатында.

...Сот С.Матаевты мемлекеттік және коммерциялық мекемелерде басқарушы қызметтер атқару құқығынан айыру түріндегі қосымша жазадан босатпаған.

Т. ТҰРАН.

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

Пікір қалдыру

1000 символ