Әжетханашыға дейін тонап жатса да қыңқ етпейміз

11.12.2017
Қаралды: 926

Дамыған 30 елдің қатарына кірген Қазақстанда (соңынан санағанда 30 болар) «патша жаяу баратын жердің» сиқы осындай. 21-ғасыр Алматы мен Астанаға келген шығар, бірақ осы қалалардың сыртында да, облыс, аудан, ауылдарда да әлі 20-ғасыр. Кей жерлер 19-ғасырға кетіп қалған...


Ауылға барар жолда және қайтарда осындай әжетханалардың түр-түрін көрдік. Алқам-салқам, не жарық жоқ, не су жоқ, аузы-мұрнынан шығып жат­қан, аяқ басар жері жоқ небір «патша жаяу жүгіретін» жерлер. Әрине, мұндай жерлерде патша жүрмейді. Сіз бен бізге осы жерлерге жүгіру бұйырған.

Мына сияқты пысықайлар осындай жерден ұялмай ақша тапқысы келеді. Әкімдерінен бастап әжетханашысына дейін тонап жатса да қыңқ демейтін не деген сорлы, бейшара жұртпыз?! 50 теңге десе де, 100 теңге десе де осы әжетханаға кіріп, ұшынып ауру тапқаны үшін де бас шұлғып, ақша төлейді.

«Мынау әжетханаларың сұмдық қой!» – десем, менімен бірге кірген бір әйел: «Бұдан артық саған қандай әжетхана керек?» – дейді. Өмірінде түк көрмеген байғұсқа не дерсің?

Сәуле ӘБІЛДАХАНҚЫЗЫ.

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

Пікір қалдыру

1000 символ