Екі балабақша пайдалануға берілді

06.12.2017
Қаралды: 172

Өткен аптада Арыс ауданында жаңадан екі балабақша пайдалануға берілді. Оның біреуі Арыс қаласының өзін­де, екіншісі Байырқұм ауылдық округінде іске қосылды.

Жалпы, тәуелсіз еліміздің жас ұрпағын тәрбиелеуде білім беру мекемелерінің атқарып жатқан жұмысы көп. Әсіресе мектепке дейінгі ке­зең­дегі тәрбие адам қалыптасуының алғашқы баспалдағы болып саналады. Онда жас ұрпақ жан-жақты тәрбие алады, дамып-жетіледі. Осыған орай елімізде мемлекеттік «Балапан» бағдарламасы да өз жемісін молынан беріп жатқаны белгілі.

Аталған бағдарлама бо­йынша Арыс қаласында да көптеген  шаруалар іске асырылып жатыр. Бүгінде қалада мектепке дейінгі 46 ұйым жұмыс жүргізуде. Бұл мекемелерде 3850 бала тәрбиеленуде. Соның ішінде мемле­кеттік және жеке меншік әріп­тестігін дамыту мақсатында 23 жекеменшік балабақша, 10 мемлекеттік, 13 мектеп жанынан ашылған балабақша жұ­мыс істеуде.

Кешегі аптада Арыс қаласында 100 орындық «Оразалы ата» балабақшасы, Ба­йырқұм ауылдық округінде 75 орындық «Самұрық» балабақшасы пайдалануға берілді.

Қаладағы «Оразалы ата» балабақшасының ашылу салтанаты кезінде сөйлеген сө­зінде қала басшысы Мұрат Қадырбек: «Бала тәрбиесі ел өмірінде ең маңызды орын алады. Оларға әрқашан ерекше көңіл бөлінеді. Бүгін біз жиналып отырған мәселе – соның бір айғағы. Осы жиын­ға қатысып отырған баршаңызға мықты денсаулық, отбасылық бақыт тілеймін», – деп өз лебізін жеткізді.

Мұндай игілікті істер алдағы уақытта да жалғасын таба бермек.

Н. ӘБДІ.

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

Пікір қалдыру

1000 символ