«Rіc on Kor’’,me» жәрмеңкесі ұйымдастырылды

06.12.2017
Қаралды: 174

Шымкентте «Rіc on Kor,me» жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Ол екі аптада бір мәрте өткізілетін болды.

Оған ауыл шаруашылығы өнімдері ғана емес, өнеркәсіп тауарлары, қолдан жасалған өнім­дер, ойыншықтар, сондай-ақ құ­ры­лыс материалдары да шығарылады. Ал оған кәсіпкерлердің бәрі бірдей қатыса бермейді, тек қана «Оңтүстік» аймақтық инвестициялық орталығы мен «Ырыс» шағын қаржы ұйымының қолдауы арқылы тауар өндіретіндер қатысады. Олар өз өнімдерін нарықтағыдан төмен бағада сататын болады.

Жәрмеңке облысымызда өндірілген тауарларды халыққа тиімді бағада жеткізу, сол арқылы кәсіпкерлер мен тұтынушылардың және қаржыландырып-қолдаушы компаниялардың арасында тығыз қарым-қатынас орнату, оны нығайту және қаржылай жобалардың өнімдерімен халықты барынша таныстыру болып табылады.

Ал енді жәрмеңке атауының латын әріптерімен берілуіне келер болсақ, ол жұртшылықтың көзі латын әліпбиіне үйрене беруіне атсалысу мақсатында жасалып отыр.

Н. ӘБДІ.

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

Пікір қалдыру

1000 символ