Шахтерлер ереуілге шықты

05.12.2017
Қаралды: 187

Қарағанды облысында шахтерлер ереуілге шықты. Осындағы Сәтпаев қаласынан бірне­ше шақырым қашықтағы «Оң­түстік Жезқазған» кенішіне қарайтын №65 шахтаның түнгі ауысымға түскен жұмысшылары егер басшылық өздерінің қойған талаптарын орындамайтын болса, шахтадан (бірнеше метр тереңдіктегі) шықпайтындарын мәлімдеді. 

29-қараша күні түнде басталған ереуілді ертеңіне күндізгі ауысымға келгендер де қолдап шықты.

Шахтерлер «Қазақмыс» корпорациясының басшыларынан айлық жалақы мен зейнетақы мөлшерін ұлғайтуды, компенсация төлеуді, жұмыс уақытында тексеріп тұру үшін жасақталған арнайы топтарды таратуды, корпорация директорлар кеңесінің төрағасы Эдуард Огаймен кездесу ұйымдастыруды талап етуде.

...«Қазақмыс» тау-кен және металлургия корпорациясы мыс өндірумен, оны өңдеумен, катодтық мыс шығарумен, мыстың құрамынан қымбат бағалы металдар алып сатумен айналысады. Бұл корпорацияның қожайындары – Владимир Ким мен Эдуард Огай. (2017-жылғы рейтингте В.Кимнің байлығы 2 миллиард 500 миллион доллар деп, ал Э.Огайдың байлығы 2012-жылғы рейтингте 61 миллион доллар деп көрсетілген).

Н. ӘБДІ.

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

Пікір қалдыру

1000 символ