Салымға қасқыр тігілді

27.11.2017
Қаралды: 227

Таяуда Қырғызстанның оңтүстігіндегі Ош облысының  Қарақұлжа ауданында тұратын белгілі көкпаршы, республика чемпионы Жандар Төреев дүркіретіп той өткізді. Оған елдің барлық жеті облысынан көкпаршылар, палуандар және Өзбекстаннан, Қазақстаннан қонақтар келді.

Тойда көкпар (көкбөрі) тартылды, ба­лу­андар күресіп күштерін сынады. Жалпы, жүл­деге және алыстан келген қадірлі қонақтарға сыйлау үшін 5 «ВАЗ – 2017» автокөлігі, 3 түйе, 3 жабулы ат, 30 тай, 2 өгіз, 2 «Топаз», 30 қой, 10 ешкі және бір тірі қасқыр тігілді.

Қарақұлжаға көршілес Өзген ауданында Ниязов деген бес ағайынды көкпаршы бар. Қазақ көкпаршылары бұлардың ішінен Манас Ниязовты жақсы біледі. Ниязовтардың Байыш дегені бас бәйгенің бірін – автокөлікті, оның інісі Жаныш қасқырды ұтып алды.

Манас Қаһарман деген қазақ тұлпарымен қырғыз биесінің будандасуынан туған Бойка деген сәйгүлікті мініп жүр. 10 мың долларға бағаланып жүрген атын ол ешкімге сатқысы келмейді. «Тұлпарым менің әрбір қимылымды түсінеді, ойымдағыдай әрекет жасайды», – дейді Манас.

Ал енді той иесі Жандар Төреев – атбе­гілікті, көкпарды кәсіп еткен адам. Көкпаршы ретінде ол қазақстандық, өзбекстандық және тәжікстандық әріптестеріне жақсы танымал.

4 миллион сомға (теңгемен есептегенде – 20 миллион) түскен Жандар Төреевтің бұл тойына 5 мың адам келіпті. Қонақтарды тамақтандыру үшін 3 жылқы, бір қора қой сойылыпты.

...Бұл – Қырғызстанда өткен үлкен көкпардың екіншісі. Жоғарыда сөз болған ағайынды Ниязовтар өткен жылдың 3-қаңтарында Өзген ауданының Кемпірабад деген жерінде ат спорты бойынша республикалық жарыс ұйымдастырып, жүлдеге 20 түйе, 20 бұқа және 5 автокөлік тіккен еді.

Назарбек БАЙЖІГІТОВ.

Бішкек қаласы.

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

Пікір қалдыру

1000 символ