Сейітқазы Матаев бостандыққа шығады

21.11.2017
Қаралды: 566

Қарашаның 16-сы күні Алматы облысы, Қапшағай қалалық соты Қазақстан журналистер одағының бұрынғы төрағасы Сейітқазы Матаевты шартты түрде мерзімінен бұрын босату туралы өтіні­шін қанағаттандырды деп хабарлады «Әділ Сөз» қоғамдық қоры. 

С.Матаевтың қорғаушысы Мадина Бакиева  сот шешімі егер наразылық болмаса 15 күнтізбелік күннен кейін заңды күшіне енетінін мәлімдеді.

Алайда М.Бакиеваның айтуынша, сот С.Матаевты мемлекеттік, коммерциялық мекемелерде ұйымдастырушылық-таратушылық, материалдық жауапкершілікпен байланысты басқарушылық қызметті атқару құқығынан айыру түріндегі қосымша жазадан босатпады.

Отырыстың басында С.Мата­ев­тың қорғаушылары Мадина Бакиева мен Андрей Петров істің материалына ауру тарихы мен өзге де меди­циналық құжаттар негі­зінде жасалған «Аман-Саулық» ҚҚ-ның медициналық қорытындысын қосуға өтініш берді.

«Аман Саулық» қорының қо­рытындысын С.Матаев отыр­ған колонияның медсан­бөлімі толығымен растады. Бұдан басқа, ол С.Матаевқа осы мекемеде көрсетіле алмайтын медициналық көмек керек екенін баса айтты.

Осы ретте, іске қатысып отырған прокуратура өкілдері С.Матаевты мерзімінен бұ­рын шартты түрде босату бойынша келтірілген бір де бір аргументке қарсы шықпады. Алайда отырыс соңында С.Матаев бір рет жеңілдік ала алатынын және де 200 млн.теңге көлемінде келтірілген шығынның өтел­ме­генін айта келе, мерзімінен бұрын шартты түрде босату туралы өтініш қанағаттандыруға жатпайтынын мәлімдеді.

(Дереккөз: «Әділ сөз»).

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

Пікір қалдыру

1000 символ