Ұрыларға да аяушылық болмауы керек

20.11.2017
Қаралды: 475

Жақында Сталин туралы бір деректі фильмді көрдім. Ол маған қатты әсер етті. Жеңіл өнеркәсіп министрімен сіріңке шығаратын үш фабрика директорын қоса шақырып, күкірттің жану қасиетін өздеріне тексертіп, әр үшеуінің екеуі жанбайтынын, жанса да өшіп қалатынын көрсетті. 

Сапасыз тауар шығарғаны үшін олардың біреуін 10 жылға Сібірге айдатып, министрмен қоса екеуін орнынан алып, қатал жазалады. Қалай сүйсінбейсің, халыққа осындай айтқанын орындайтын басшы керек. Дәл қазір осы егемен елге де осындай қатал тәртіп енгізу өте қажет.

Парақорлар мен алаяқтар күннен-күнге көбейіп бара жатыр, тіпті ұялар емес. Қазір оларға ұрылар, әсіресе мал ұрлаушылар қосылып, адал еңбек еткен шаруаларды тақырға отырғызып жатқанын теледидардан көріп жүрміз. Өте аянышты, адал еңбек істеп бала-шағасын асырап отырған ағайындарға жаның ашиды. Кеше ғана Төлеби ауданында қорасынан 4 өгізді байлаулы тұрған жерінен алып шығып көлікке артып әкеткенін көрсетті. Не деген имансыздар десеңізші! Оған қоса таңертең шығарған оншақты жылқыны 2 сағаттан кейін таба алмай қалған. Полиция бөліміне бар­ғанмен не бастығы, не басқасы қабылдамаған. Тіпті үш ұрыны ұстап әкеліп бергенде екеуін босатып, біреуін ғана қамаған, ал екеуі куәгер-міс. Сонда бұл қара халықты қорғағанымыз ба, әлде қорлағанымыз ба?!

Жақында қоғам белсендісі Нұрлан Ерімбетов парақорларды ақшаны алып тұрған жерінде ату керек деп ұсыныс айтты. Мен Нұрекеңді толық қолдап, оған қоса алаяқтарды, маньяктарды,  ұрыларды да ату керек деп ұсыныс айтамын. Мені Сарыағаш қаласынан Мақсат Мұқанов деген азамат та қолдап, оларды стадионда демалыс күні «бұл парақор» деген жазуды мойнына іліп, дарға асу керек деген ұсыныс айтыпты. Құптарлық ұсыныс. Оларды осындай қатал шара ғана азайтады. Ұрыларды екі қолын бірдей кесу де азайтуы мүмкін. Қолы жоқ адам ұрлай алмайды.

Қазір ауыл, аудан, мектеп, балабақша, емханалар, тағы бас­қа мекемелердің бәрінде де жұмысқа тұру үшін пара алу терең бойлаған. Тыңдап отырсаң, жылағың келеді, бәрінің де 200 мың, 500 мың теңге сияқты өз «ставкасы» бар.

Айдар ҚЫДЫР,

зейнеткер.

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

Пікір қалдыру

1000 символ