Нұрлан Сауранбаев – Шымкент қаласының әкімі

13.11.2017
Қаралды: 500

Шымкент қаласына жаңа әкім тағайындалды. Бұл қызметті Нұрлан Сау­ранбаев атқаратын болды.

Нұрлан Ермекұлы Сауранбаев 1967-жылы Жамбыл (Тараз) қаласында өмірге келген. Қазақ Мемлекеттік университетінің экономика факультетін бітірген, Италиядағы Милан мұнай өнеркәсібінің оқыту орталығында білім ал­ған. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Ұлт көшбасшысының атындағы Ұлттық Қорғаныс университетінде «Әскери және мемлекеттік басқару» мамандығы бойынша оқыған.

Ол бірқатар мемлекеттік және бизнес құрылымдарында еңбек еткен, Атырау мұнай өңдеу зауытының бірінші вице-президенті, «ҚазМұнайГаз» акционерлік компаниясының департамент директоры, мұнай тасымалдау жөніндегі басқарушы директоры, сервистік жобалар жөніндегі бас­қарушы директоры, «Теңіз Сервис» ЖШС-нің Бас директоры болған. 2011 – 2014-жылдар аралығында Индустрия және жаңа технологиялар вице-министрі, кейін Қорғаныс министрінің орынбасары қызметтерін атқарды. 2017-жылдың қаңтар айынан бастап «Астана ЭКСПО – 2017» мамандандырылған халықаралық көрмесін әзірлеу және өткізу мәселелері жөніндегі штабтың ұйымдастыру комитетінің басшысы болып еңбек етті.

Н.Сауранбаев – экономика ғылымдарының кандидаты, ол орыс және ағылшын тілдерін жетік меңгерген. Екі қыз, үш ұлы бар.

Біз жаңа әкімнің абырой биігінен көрінуіне тілектестік білдіреміз.

Н. ӘБДІ.

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!